Лепсі ауданы
Лепсі ауданы — 1930-1935 жылдары болған Қазақ АКСР-інің Алматы облысындағы әкімшілік бірлік.
| Аудан | |
| Лепсі ауданы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Кіреді | Қазақ АКСР, Алматы облысы |
| Әкімшілік орталығы | Лепсі |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 17 желтоқсан 1930 жылы |
| Таратылған уақыты | 31 қаңтар 1935 жылы |
Тарихы
Қазақ АССР-інің Лепсі ауданы 1930 жылы 17 желтоқсанда бұрынғы Алматы округінің Алакөл, Андреев, Бәрібаев, Бүйен-Ақсу және Сарқан аудандарының бөліктерінен құрылды.
1932 жылы 20 ақпанда Лепсі ауданы Алматы облысына бекітілді.
1932 жылдың 1 қарашасына қарай Лепсі ауданының құрамына №1, №2, №7, Андреев, Антонов, Бірлікші, Веселов, Герасимов, Жалаңаш, Жыланды, Қарғалы, Константинов, Лепсі, Надеждин, Осинов, Петропавлов, Покров, Сарқан, Соколов, Терекелді, Тополев, Төңкеріс, Ударник, Успен және Черкасск ауылдық кеңестері кірді.
1933 жылы №1 ауылдық кеңесі Шатырбаев, №2 ауылдық кеңесі Қарауылтөбе, №7 ауылдық кеңесі Есебек болып өзгертілді.
1934 жылы №334 мен №355 кеңшар кеңестері құрылды. Терекелді ауылдық кеңесі Октябрь болып өзгертілді.
1935 жылы 31 қаңтарда Лепсі ауданы таратылды. Сонымен бірге, Лепсі кеңшарының және Андреев, Герасимов, Жыланды, Константинов, Лепсі, Надеждин, Октябрь, Осинов, Төңкеріс, Ударник, Успен ауылдық кеңестері — Андреев ауданының құрамына кірді. Аманбөктер кеңшарының және Антонов, Бірлікші, Веселов, Жалаңаш, Қарғалы, Қарауылтөбе, Петропавл, Покатилов, Покров, Сарқан, Соколов, Тополев, Черкасский және Шатырбаев ауылдық кеңестері — Сарқан ауданына, Есебек ауылдық кеңесі Ақсу ауданына ауыстырылды.
Дереккөздер
- Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 1500 таралым.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Лепсі ауданы туралы ақпарат, Лепсі ауданы дегеніміз не? Лепсі ауданы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!