Кенесары портреті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кенесары портретіӘбілхан Қастеевтің кенепте майлы бояумен салған алғашқы суреттерінің бірі.

image
image
2008 жылғы пошта маркасындағы портрет

Бұл туындыда мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының (1802–1847) бейнесі суреттелген. Кенесары ханның үстіндегі шапаны мен қалпағының ұлттық нақыштағы ою-өрнектер портреттегі табиғат көрінісімен әсем үйлесім табады. Бірнеше планда құрылған бұл портреттің артқы планындағы кеңес беруші уәзірлер бейнесі, ақ орданың бір қырының көрінісі, салт аттылар бейнесі Кенесары ханның саясаткер, әрі қолбасшы болғандығының айқын дәлелі болмақ. Портрет Шығыс миниатюрасына сай, декоративті болып келеді.

Қастеев осы суретті 1936 жылы жаңа құрылған Қазақ кескіндемелік галереяға сыйға тартты, бірақ портретті тек 1992 жылдан бастап көрмелерде көрсете бастады.

Дереккөздер

 | ]
  1. Әбілхан Қастеевтің бейнелеу өнеріндегі ерекшелігі Мұрағатталған 17 қарашаның 2021 жылы. — «Өнер порталы», 14.07.2017.
  2. Абылхан Кастеев. Портрет Кенесары. 1935. Холст, масло. 71х55

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Кенесары портреті туралы ақпарат, Кенесары портреті дегеніміз не? Кенесары портреті нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *