Каспий қаязы
Каспий қаязы (лат. Luciobarbus caspius) – Арал қаязының түр тармағы, өткінші балық.
| Каспий қаязы | ||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
| Luciobarbus caspius (L. S. Berg, 1914) |
Негізінен Каспийдің оңтстік бөлігінде тіршілік етіп, теңізге оңтүстігінен және батысынан құятын өзендерге өрістейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі.
Дене тұрқы 56 – 76 см (103 см-ге дейін), салма5ы 3 – 6 кг-дай (14,5 кг-ға дейін) болады. Пішіні, жалпы морфологиялық белгілері Арал қаязына ұқсас (негізгі айырмашылығы – тіршілік ететін жерінде).
Жыныстық жетілуі 5 жастан басталады. Уылдырық шашу үшін сәуірдің аяғынан тамызға дейін Жайыққа өрлейді.
Көктемде өрлегендері судың температурасы 20 – 23°С-қа жеткенде уылдырығын (115 – 1259 мың) ағысқа шашады.
Өзен шаяндарымен, су жәндіктерімен, дернәсілдерімен қоректенеді. Қорегінде өсімдік дәні мен детрит те кездеседі.
Еті өте дәмді, бірақ бұл балықтың кәсіптік маңызы шамалы.
Дереккөздер:
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Каспий қаязы туралы ақпарат, Каспий қаязы дегеніміз не? Каспий қаязы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!