Геомагниттік дауыл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image
Күн желінің Жер магнитосферасымен әрекеттесуі

Магниттік дауыл — Жердің магнит өрісінің күшті ұйытқуы.

Магниттік дауыл бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады әрі ол жер бетінің барлық нүктесінде бір мезгілде өтеді; өте үлкен қарқындылығы (510–2 Э-ке дейін) жоғары ендіктерде байқалады. Магниттік дауыл кезінде геомагниттік өріс кернеулігінің өзгерісі орта ендіктерде 0,1-ден 1А/м (110–3 — 110–2 Э) аралығында тербеледі.

Магниттік дауыл Күннің активті аймағынан бөлінген плазма ағыны (Күн желі) салдарынан пайда болады. Сондықтан ол күн активтілігінің 11 жылдық цикліндегі максимумы маңында жиі байқалады. Энергиясы орасан зор бөлшектердің жер атмосферасының жоғары қабатына енуі және олардың жер магнитосферасымен әсерлесуі нәтижесінде ондағы элетр токтардың күшеюіне және өндірілуіне (генерациялануына) әкеледі. Магниттік дауыл кезінде одан гөрі күрделірек геофизика процесс — магнитосфералық дауыл байқалады. Ол жер атмосферасының жоғары қабатындағы полярлық шұғыламен, ионосфералық ұйтқумен, рентген сәулесімен, т.б. қабаттаса жүреді.

Магниттік дауыл салдарынан радиотолқындарды шағылыстыратын және жұтатын ионосфера қабатының параметрлері айтарлықтай өзгереді. Оның барысында қысқа толқынды радиобайланыс едәуір қиындайды. Магниттік ұйытқу кезінде Жер атмосферасының жоғарғы қабаты қызады да, жылу төменгі — тропосфера қабатына беріледі. Нәтижесінде тропосферада әр түрлі циркуляция қозғалыстар мен циклондар пайда болады.

Дереккөздер

 | ]


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Геомагниттік дауыл туралы ақпарат, Геомагниттік дауыл дегеніміз не? Геомагниттік дауыл нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *