Экваторлық белдеу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image
Экваторлық белдеу.

Экваторлық белдеу – Жердің экваторлық өңірін (5 – 8 солтүстік ендік пен 4 – 11 оңтүстік ендік аралығы) қамтитын, екі субэкваторлық белдеу аралығындағы табиғи белдеу. Ауаның тұрақты жоғары температурасымен (орташа айлық көрсеткіш 24 – 28С), бүкіл жыл бойына созылатын мол жауын-шашын мөлшерімен (1500 – 3000 мм, кейде 10000 мм), жылдық радиация балансының жоғарылығымен (жылына 70 – 90 ккал/см2), ағын суының молдығымен, грунт суларының аса тұщылығымен және жер бетіне жақын жатуымен сиппатталады. Экваторлық орман өзінің флоралық құрамының байлығымен және фитомассасының жоғары өнімділігімен (40 – 50 т/га кепкен масса) ерекшеленеді. Жерге түскен өсімдіктің шіріп, минералдануы тез жүреді. Ферралиттік қызыл-сары және батпақты топырақ түзіледі. Мұхиттық айдындардың Экваторлық белдеуде орташа радиациялық балансы жылына 115 ккал/см2-ге тең. Экваторлық ауа массасының ықпалы күшті, ауа райы негізінен бұлтты келеді. Мұхит суының жоғары қабатындағы тұздылығы 34‰. Тропиктік белдеумен ұштасқан жерінде судың турбуленттілігі күшейеді, нәтижесінде су қабаттарында оттек көбейеді. Флорасы мен фаунасы түрге бай, ландшафтында экваторлық орман басым. Экваторлық белдеуде маржандардың жақсы қалыптасуы байқалады, планктонға бай келеді.

Пайдаланылған әдебиет

 | ]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 10 том;


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Экваторлық белдеу туралы ақпарат, Экваторлық белдеу дегеніміз не? Экваторлық белдеу нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *