Дүкенбай Досжан
| Дүкенбай Досжан | |||||
| Туған күні | 9 қыркүйек 1942 | ||||
|---|---|---|---|---|---|
| Туған жері | Қызылорда облысы | ||||
| Қайтыс болған күні | 15 қыркүйек 2013 (71 жас) | ||||
| Қайтыс болған жері | Астана | ||||
| Азаматтығы |
| ||||
| Ұлты | Қазақ | ||||
| Мансабы | жазушы | ||||
| Марапаттары | | ||||
| Сыйлықтары |
| ||||
Дүкенбай Досжан (1942 жылы 9 қыркүйекте Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы — 15 қыркүйек 2013, Астана) — жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.
Жалпы мәліметтер
| ]- ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген (1964).
- 1963 – 1966 жылдары «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер,
- 1966 – 1975 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор,
- 1976 – 1984 жылдары Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
- Кейін Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі болған.
Шығармашылығы
| ]
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. Досжан проза саласында өнімді еңбек етіп, 8 роман, 18 повесть, 100-ден астам әңгіме жазды. Досжанның көркем шығармалары мен зерттеу еңбектерінің тақырып аясы кең.
- «Отырар» (1965),
- «Фараби» (1965),
- «Жібек жолы» (1973) хикаяттары мен романдарына тарихи оқиғалар арқау болса,
- «Зауал» (1970),
- «Кісі ақысы» (1978),
- «Дария» (1975),
- «Табалдырығыңа табын» (1980),
- «Жолбарыстың сүрлеуі» (1984) атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналған.
Ұлы адамдар өмірін көркем тілмен сөйлеткен
- «Мұхтар жолы» (1983-1987 жылдары жазылған; 1988 жылы «Жазушы» баспасында жарияланған),
- «Абай айнасы» (1994),
- «Алыптың азабы» (1997) романдары өз алдына бөлек топтама құрайды.
Досжан шығармалары даралық стилімен, бейнелі тілімен ерекшеленеді. Жазушы кейіпкердің жан толғанысын сезім шырғалаңы, ой ағыны арқылы суреттеуге машық. Оның
- «Екі дүние есігі» (1998) атты зерттеу еңбегі – Түркістан қаласының тарихын, сондағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің салыну жай-жапсарын мейлінше мол қамтыған дерекнама. Досжанның шығармалары әлемнің 19 тілінде жеке кітап болып шыққан;
- Екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (1990),
- «Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1996),
- Он үш томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (2002-2003, «Білім» баспасы),
- Төрт томдық (2008, «Фолиант» баспасы).
Досжан Түркістан қаласының, Жаңақорған, Созақ, Отырар аудандарының құрметті азаматы.
Марапаттары
| ]- ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1996),
- М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987).
- Түркістан қаласының, бірнеше аудандардың Құрметті азаматы.
- «Құрмет» (2001), «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған.
- Қаламгер 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын,
- 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алған.
- Жазушының есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2-ші томына,
- «Ұлттық энциклопедияның» 3-ші томына,
- «Абай энциклопедиясына»,
- Қазақстан Президенті жанындағы даму институтының «Элита Казахстана» (2008) анықтамалығына енген.
Дереккөздер
| ]- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
- “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
| ||||||||||
- 9 қыркүйекте туғандар
- 1942 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Жаңақорған ауданында туғандар
- 15 қыркүйекте қайтыс болғандар
- 2013 жылы қайтыс болғандар
- Астанада қайтыс болғандар
- Парасат орденінің иегерлері
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Алфавит бойынша жазушылар
- Қазақстан жазушылары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Дүкенбай Досжан туралы ақпарат, Дүкенбай Досжан дегеніміз не? Дүкенбай Досжан нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!