Алыптың азабы
«Алыптың азабы», жинақ. Авторы - Д. Досжанов. 1997 ж. «Рауан» баспасы шығарған. Кітап 3 бөлімнен құралған. Біріншісі - «Алыптың азабы» романы, екіншісі - әңгімелер, үшіншісі - «Түсіне соғыс кіретін кісі» повесі. Роман Әуезовтің өмір жолына арналған, ғұмырнамалық дерекке, мұрағат құжаттарына, көз көрген кісілердің естелігіне сүйеніп жазылған. Автор көп жыл ізденіп, мол еңбек еткен. Сондай-ақ Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мұрағатындағы материалдарға, жазушының қалтарыста қалған қолжазбаларына иек сүйеген әрі классикалық өмірбаяндық шығармаларға табан тіреген. Ұлы жазушының абақтыда жатқан кездегі рухани азабын, жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырауын оқиға желісі етіп алып, суреткер-ұстаздың «айтып кеткен, айтсам деген, жазбақшы болып ниеттенген ой ұшқынын» оқырманның көз алдынан тізілтіп өткізеді. Кітаптың көлемі 32 баспа табақ.
Дереккөздер
| ]- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
| Бұл — кітап туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
| ||||||||||
- Кітаптар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Алыптың азабы туралы ақпарат, Алыптың азабы дегеніміз не? Алыптың азабы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!