Бурят тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бурят тілі
Өз атауы:

Buryat language

Елдер:

Ресей, Моңғолия, Қытай

Сөйлеушілер саны:

218 600

Классификация

Еуразия тілдері

алтай тілдер отбасы
моңғол тобы
Жазуы:

ескі монғол жазуы, латын әліпбиі, кириллица

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

бур 125

ISO 639-1:

bua

ISO 639-2:

bua

ISO 639-3:

bua

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Бурят тілі (Buryat language) — алтай тілдер отбасының моңғол тобына кіреді, ерін үндестігі (сингармонизмі) бар жалғамалы (агглютинативті) тілдерге жатады. Бурятия Республикасының мемлекеттік тілі (Конституция 1994, Тілдер туралы Заң 1996).

Референтті халық

 | ]

Референтті халық: буряттар; өз атауы – бурят, буряад.

Географиялық таралуы

 | ]

Бурят тілінің таралу аймағына Ресей Федерациясының үш субъектісінің аумақтары кіреді: Бурятия Республикасы, Иркутск облысының Усть-Орда Бурят округі және Забайкалье өлкесінің Агинский Бурят округі.

Сонымен қатар Солтүстік Моңғолия және солтүстік-шығыс Қытайда тұрады. Ресей Федерациясындағы Бурят тілінде сөйлейтіндердің саны шамамен 218,6 мың адамды құрайды (2010 жылғы халық санағы).

Диалектісі

 | ]

Бурят тілінің 4 диалектісі бар: батыс (эхирит-булаят), аралық (аларо -тункин), шығыс (хорин), оңтүстік (цонголо-сартуль).

Жазуы

 | ]

Буряттар 1930 жылға дейін ескі монғол жазуын, 1931 жылдан бастап латын графикасы негізінде, 1938 жылдан бастап орыс (кириллица) графикасы негізінде жазуды қолданды.

Қазіргі бурят әліпбиі

А а Б б В в Г г Д д Е е Ё ё Ж ж
З з И и Й й К к Л л М м Н н О о
Ө ө П п Р р С с Т т У у Ү ү Ф ф
Х х Һ һ Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ Ы ы
Ь ь Э э Ю ю Я я

Дереккөздер

 | ]
  1. Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж. Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы» — «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020. — Б. 114-115. — 480 б. — ISBN 978–601–7988-21-0.
  2. Бурят тілі. Тексерілді, 6 маусым 2025.
  3. Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 6 маусым 2025.
  4. Буряты - Буряадууд. Тексерілді, 6 маусым 2025.

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Бурят тілі туралы ақпарат, Бурят тілі дегеніміз не? Бурят тілі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *