Бізтұмсық қоңыздар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image
Бізтұмсық қоңыздар

Бізтұмсық қоңыздар (Сurculіonіdae) – қатты қанаттылар отрядының қоңыздар тұқымдасына жататын жәндіктер. Дүние жүзінде 45 мың, Қазақстанда 1,4 мың түрі кездеседі. Тұмсығы созылыңқы келген, кеміргіш ауыз қуысымен аяқталады, буылтық мұртшалары бар. Бізтұмсық қоңыздардың ұзындығы 25 мм-дей, көк жасыл, күлгін жолақты қара қызыл, сарғыш түсті болады. Дернәсілдері аяқсыз, ақ түсті, көбелек жұлдызқұрттарына ұқсас; жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ сатылары арқылы көбейеді. Ұрғашы Бізтұмсық қоңыздар 1,5 мыңға дейін жұмыртқа салады. Топырақта немесе өсімдік сабақтарында, гүлінде, тамырында, жемісінде өніп-өсіп, жасырын тіршілік етеді. Бізтұмсық қоңыздар тұмсықтарының құрылысына қарай қысқа және ұзын тұмсықтылар болып, ал қоректену ерекшеліктеріне қарай монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып бөлінеді. Бізтұмсық қоңыздар – өсімдік қоректі жәндік, көпшілігі ауыл шаруашылығының қауіпті зиянкестері. Олар ауыл шаруашылық өнімдерін бүлдіріп, ағаш сүрегін зақымдайды.

Дереккөздер

 | ]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Бізтұмсық қоңыздар туралы ақпарат, Бізтұмсық қоңыздар дегеніміз не? Бізтұмсық қоңыздар нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *