Беғазы ғибадатханасы
Беғазы ғибадатханасы – оғыз-қыпшақ заманынан сақталған тарихи ескерткіш. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Беғазы тауының солт. етегінде, Қаратал өз-нің сол жағасында. 1992 ж. Орт. Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі Ж.Құрманқұлов) зерттеген. Үйілген тас оба, құлап қалған үйтас тәрізді. Шығыс етегіндегі тастардың арасында бір қатарға тізілген, әйел бейнесіндегі үш тас мүсін тұр. Биікт. 0,7 м-ден аспайды. Әсемделіп қашалған мүсіндердің ортадағысы жас қызға ұқсайды, ал шеткілері сәукеле тәрізді бас киім киген. Әйел мүсіндерін үйтас алдына немесе ішіне қою 9–11 ғ-лардағы оғыз-қыпшақ тайпаларына тән. Тайпа мүшелері осы жерде құрбандық шалып, ас беріп, түрлі салт-жоралғылар жасап отырған.
Дереккөздер
| ]- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Stub: Қазақ мәдениеті}}
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- Қазақстан тарихы
- Қазақстан мәдениеті
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Беғазы ғибадатханасы туралы ақпарат, Беғазы ғибадатханасы дегеніміз не? Беғазы ғибадатханасы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!