Берік Уәли
| Берік Уәли | ||||
Уәли, 2025 жыл | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 17 ақпан 2025 жылдан бастап | ||||
| Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Ізашары | Нұрлан Ұранхаев | |||
| ||||
| 12 қыркүйек 2023 — 17 ақпан 2025 | ||||
| Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Ізбасары | Руслан Желдібай | |||
| ||||
| 12 қыркүйек 2023 — 17 ақпан 2025 | ||||
| Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Ізашары | Нұрмұхамед Байғараев | |||
| Ізбасары | Руслан Желдібай | |||
| 22 наурыз 2019 — 29 наурыз 2022 | ||||
| Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Ізашары | Айдос Үкібай | |||
| Ізбасары | Руслан Желдібай | |||
| ||||
| 29 наурыз 2022 — 12 қыркүйек 2023 | ||||
| Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||
| Премьер-Министр | Әлихан Смайылов | |||
| Ізашары | Ерлан Бекхожин | |||
| Ізбасары | Кемелбек Ойшыбаев | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | Аманат (2008—) | |||
| Білімі | Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты (1997) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2007) Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті (2014) | |||
| Мамандығы | кинотанушы, журналист, заңгер | |||
| Дүниеге келуі | 4 қаңтар 1977 (48 жас) Ойшілік, Ақсуат ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР, КСРО | |||
| Туған кездегі есімі | Берік Уәлиұлы Құрманғали | |||
| Әкесі | Уәли Құрманғалиұлы (1949—2024) | |||
| Балалары | 5 | |||
| Марапаттары | ||||
| Берік Уәли Ортаққорда | ||||
| өңдеу | ||||
Берік Уәли (туған кездегі есімі — Берік Уәлиұлы Құрманғали;4 қаңтар 1977 жыл, Ақсуат ауданы, Семей облысы) — қазақстандық журналист, мемлекеттік қайраткер, 2025 жылдан бастап Абай облысының әкімі.
Бұрын Уәли Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы (2023–2025; 2019–2022), Президент кеңесшісі (2023–2025) және Хабар агенттігінің Басқарма төрағасы (2022–2023) лауазымдарының иесі еді.
Ерте жылдары және білімі
| ]Берік Уәлиұлы Құрманғали 1977 жылғы 4 қаңтарда, Семей облысындағы Ақсуат ауданының Ойшілік ауылында дүниеге келген.
Найманның Төртуыл руынан шыққан.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолы
| ]Еңбек жолын 1997 жылы «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі болып бастаған.
1998 жылдан 1999 жылға Уәли «НТК» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының шығарушы редакторы еді. 2000–2007 жылдары аралығында «31 арна» телерадиокомпаниясында» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының бас редакторы, «Еркін сөз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Дода» саяси ток-шоуының бас редакторы әрі жүргізушісі болған.
2007–2012 жылдары Уәли — «Хабар» Агенттігі» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы жаңалықтар қызметінің тілшісі, «Хабар» арнасынан шыққан «Бетпе-бет» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі. 2009 жылдан 2012 жылға дейін ол Нұр Отан партиясы «Нұр-Медиа» ЖШС Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының басшысы еді.
2012 жылдан 2015 жылға дейін ол Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары — баспасөз қызметінің жетекшісі, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы болды да, 2015 және 2016 жылдары Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің кеңесшісі қызметін атқарды.
Уәли 2016–2018 жылдар аралығында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің кеңесшісі, Инвестициялар және даму министрлігі Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры болып жүріп 2017 жылдан 2018 жылға дейін «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында «1-студия» қоғамдық-саяси ток-шоуын жүргізді.
2018 жылдан 2019 жылға дейін ол Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болды да, кейін 2022 жылға дейін Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болған.
2022 және 2023 жылдары Уәли «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарды, сонымен қатар 2022—2023 жылдары «Хабар 24» арнасында «Бетпе-бет» бағдарламасын жүргізді.
2023–2025 жылдары ол — Қазақстан Президентінің Кеңесшісі — Баспасөз хатшысы.
2025 жылы 17 ақпанда Президент Жарлығымен Абай облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл шешімді түрлі тұлғалар, соның ішінде Асхат Ниязов сынға алды.
Қосымша лауазымдары
| ]- «ҚР Президентінің телерадиокешені» КеАҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2019—2022)
- «Қазақстан» РТРК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2022)
- «Хабар» агенттігі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2023—2025)
- Республикалық құсбегілік федерациясының президенті (2022 жылдан бастап)
Марапаттары
| ]Уәли — «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2011), Парасат (2024), Құрмет (2019) ордендерінің, Қазақстан Президенті Алғысының (2021), Президенті Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісінің (2022) және 5 мерекелік медальдің иегері.
Дереккөздер
| ]- Берік Уәли: «Кеше ғана менімен әріптес болып жүрген журналисттердің өзі сынағанда, таңғалдым»
- Құрманғали Берік Уәлиұлы (қаз.). baq.kz. Тексерілді, 17 ақпан 2025.
- Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты. Тексерілді, 17 ақпан 2025.
- Б. Уәли туралы (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты (17 ақпан 2025). Тексерілді, 17 ақпан 2025.
- Ниязов, Асхат Надеюсь, что это шутка такая (орыс.) (15 февраля 2025). Тексерілді, 17 ақпан 2025.
- Берік Уәли «Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
- Басшылық
| ||||||||||||||||||||||
- 4 қаңтарда туғандар
- 1977 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Ақсуат ауданында туғандар
- Парасат орденінің иегерлері
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Қазақстан саясаткерлері
- Қазақстан журналистері
- Қазақстан тележүргізушілері
- Қазақстан құқықтанушылары
- Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Қазақстан президенттерінің баспасөз хатшылары
- Қазақстан президенттерінің кеңесшілері
- Абай облысының әкімдері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Берік Уәли туралы ақпарат, Берік Уәли дегеніміз не? Берік Уәли нені білдіреді?








Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!