Белудж тілі
Белудж тілі (Балочи тілі, بلوچى) — үндіеуропалық тілдер отбасының иран тармағының солтүстік-батыс тобына кіреді. Номинативті құрылысы бар тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады.
Белудж тілі | |
Өз атауы: | بلوچى (Бәлочи) |
---|---|
Елдер: | Пәкістан, Иран, Ауғанстан |
Сөйлеушілер саны: | 7,5 млн. |
Классификация | |
Жазуы: | араб жазуы, кириллица, латын әліпбиі |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: | беу 095 |
ISO 639-1: | bal |
ISO 639-2: | bal |
ISO 639-3: | bal |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Референтті халық
Референтті халық: белудждер; өз атауы – балуи, балой.
Географиялық таралуы
Белудждер (балочи) Пәкістанның, Иранның, Ауғанстанның бір бөлігінде тұрады, олар шартты түрде бөлінген Белуджистанды құрайды. Белудж тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны 7,5 миллионнан асады (1990 жылдардың соңы, бағалау).
Диалектісі
Белудж тілінде екі негізгі диалект бар: батыс және шығыс; кейде оңтүстік диалект те байқалады.
Жазуы
Пәкістан мен Ауғанстанның белудждерінің жазуы араб-парсы графикасына негізделген; КСРО-да (Түрікменстанда) 30-шы жылдары белудж тілі үшін латын графикасы негізінде жазу құрылды, бірақ ол халықтың аздығына және жаппай қостілділікке байланысты таралмады. Өз жазуы жоқ, Түрікменстаннан келген белудждер түрікмен жазуын қолданады. Белудж тілінің бай ауызша әдеби дәстүрі бар. Пәкістанның құрылуымен белудж әдеби тілінің жазбаша түрінің қарқынды дамуы байқалады. Қазіргі уақытта тек Пәкістанда белудж тілінде газеттер мен журналдар, кітаптар үнемі шығарылып тұрады, бұл тіл радио және телехабарда пайдаланылады.
Дереккөздер
- Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 6 маусым 2025.
- Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж. Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы» — «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020. — Б. 111-112. — 480 б. — ISBN 978–601–7988-21-0.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Белудж тілі туралы ақпарат, Белудж тілі дегеніміз не? Белудж тілі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!