Әмудария бөлімі
Әмудария бөлімі (ءامۋداريا ءبولىمى; өзб. آمودریا بۉلیمی) — Сырдария облысындағы әкімшілік бірлік. Орталығы — Петро-Александровск қаласы.
Әмудария бөлімі | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
|
Кіреді | Сырдария облысы |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | 1873 жылы |
Жер аумағы | 111,5 мың км² |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 194,5 мың адам (1897) |
Тарихы
Әмудария бөлімі 1873 жылы Ресейге өткен Хиуа хандығының жерлерінен құрылды. 1887 жылы Сырдария облысының құрамына енді.
1920 жылы қазанда Түркістан КФР Әмудария облысы болып өзгертілді.
Әкімшілік бөлінісі
Бөлім 2 бөлімшеге бөлінді: Шурахан және Шымбай. Шурахан бөлімшесінде 7 болыс: Шурахан, Төрткөл, Сарыби, Шейхаббас-Уәли, Бибазар, Мыңбұлақ, Тамды болды. Болыстарының Шымбай бөлімшесінде 12 болыс: Нүкіс, Шымбай, Кегелі, Көкөзек, Бесжап, Наупыр, Есіл, Дауқар, Көккөл, Талды, Қоңырат, Жаңабазар болды.
Тұрғындары
1897 жылғы санақ бойынша бөлімде 194,5 мың адам тұрған. Соның ішінде қарақалпақтар – 47,9%; қазақтар – 24,2%; өзбектер – 17,7%; басқа түркілер – 7,1%; орыстар – 1,6%. Петро-Александровск қаласында 3111 адам тұрды.
Дереккөздер
- | Орта Азия | Ауғанстан | Қазақстан | Қырғызстан | Тәжікстан | Түрікменстан | Өзбекстан.(қолжетпейтін сілтеме)
- Санақ 1897 ж..(қолжетпейтін сілтеме)
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Әмудария бөлімі туралы ақпарат, Әмудария бөлімі дегеніміз не? Әмудария бөлімі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!