Абайтану бөлімі
Абайтану бөлімі. Абайдың әдеби мұрасын жан-жақты қамтып, тереңдей зерттеу мақсатымен 1944 ж. ҚазССР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты жанынан М. Әуезовтың жетекшілігімен ұйымдастырылған. Абайтану бөлімінің 1945-46 ж. арналған ғылыми-зерттеу жоспары мына тақырыптарды қамтыды: «Абай дүние- танымының тарихы», «Абай - қазақ әдеби- етінің негізін салушы», «Абай Құнанбаевтың дүниетанымы», «Абай (Әмірбаян және естеліктердің деректі кездері)». Абайтану бөлімі 1947 ж. Қазақстан КП ОК-нің «Тіл және әдебиет институттарының өрескел саяси идеялық қателіктері» деген қаулысынан кейін жабылды. Алайда Абай мұрасын ғылыми-зерттеу жұмыстары өз алдына жүргізіле берді. Қазақстан КП ОК мен ҚазССР Мин. Советінің «Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуына әзірлік және оны өткізу туралы» 1990 ж. 22 ақпандағы № 68 қаулысынан кейін А. б. ҚазССР ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты жанынан 1990 ж. 1-шілдесінде М. Мырзахметовтың жетекшілігімен қайта ашылды. Абайтану бөлімі ақынның академиялық толық жинағын шығару мен абайтанудың күрделі мәселелерін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Дереккөздер
| ]- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Абай энциклопедиясы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Абайтану бөлімі туралы ақпарат, Абайтану бөлімі дегеніміз не? Абайтану бөлімі нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!