Ахмет Мәметов

Ахмет Мәметов (Ахмедғали Мамытұлы) (1895, Астрахан губерниясы Талов уезі Қойтоғыт ауылы — 11 қараша 1938) — Алаш қайраткері, ағартушы, ақын, журналист, дәрігер.
- 1910 — 1915 жылдары “Ғалия”, “Хұсаиния” медреселерінде оқыды.
- 1912 — 1914 жылдары “Кеңес”, “Ғибрат” атты өлең жинақтарын шығарды.
- 1917 — 1918 жылдары “Бірлік туы” (Ташкент), “Ойыл уәлаяты” газеттерінде, Орал облысы земство басқармасында жұмыс істеді.
- 1920 жылы Орал губревкомының үгіт-насихат және Жымпиты уездік ревкомының халық ағарту бөлімдерінде қызмет атқарған,
- Ойыл уездік “Еркін Қазақ” газетін шығарды (1919).
- 1921 ж. Орал облысы “Қызыл ту” газетінің редакторы
- Бөкей губерниясының РК(б)П комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі.
- 1923 — 27 жылдары Саратов университетінің медицина факультетінде оқыды.
- 1927 — 1929 жылдары Маңғыстау, Семей өңірлерінде дәрігер.
- 1930 жылы Алматы қаласында Қазақ тері және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының алғашқы директоры болды.
- 1931 — 1937 жылдар аралығында Орал, Алматы қалаларындағы медицина мекемелерде қызмет атқарды.
- 1937 жылы тұтқындалып, ату жазасына кесілді.
- 1958 ж. 27 ақпанда КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясының қаулысымен ақталды.
- Мәметовтің асырап алған қызы Мәншүк Мәметова шығыс қыздары арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Дереккөздер
| ]- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Санаттар:
- 1895 жылы туғандар
- Бөкей ордасы ауданында туғандар
- 11 қарашада қайтыс болғандар
- 1938 жылы қайтыс болғандар
- Алаш Орда қайраткерлері
- Қазақстан ақындары
- Қазақстан журналистері
- Қазақстан дәрігерлері
- КСРО-да репрессияланғандар
- КСРО-да бұйрықпен атылғандар
- Ғалия медресесі түлектері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ахмет Мәметов туралы ақпарат, Ахмет Мәметов дегеніміз не? Ахмет Мәметов нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!