Нүрпейісов Кеңес
Нүрпейісов Кеңес (15.3. 1935 жылы туған, Райымбек ауданы, Саты ауылы) — ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1973), профессор (1980), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982), Қазақстан ҰҒА-ның академигі (2003; 1987 ж. — корреспондент мүшесі). 1957 ж. ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірді. 1958 жылдан Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Тарих және этнологиялық институтыңда қызмет істейді. Нүрпейісов Қазақстан тарихы, ұлттық-мемлекеттік құрылым проблемалары жөнінде бірнеше монография, кітапша және 400-ге жуық ғылыми зерттеулер мақалаларын жариялады. Қазақстан мен Орта Азиядағы Азамат соғысы туралы 2 томдық құжаттар жинағын ("Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азии и Казахстане". Документы и материалы, т. 1, 1963; т. 2, 1964), Қазақстандағы Қазан революциясының шежіресін (1967), Қазақстан ҒА Тарих, археологиялық және этнографиялық институтының Ақмола, Шығыс Қазақстан, оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облтарында жұмыс істеген ғылыми экспедицияларының зерттеу корытындыларын (в кн.: "Из истории соц. строительства в Казахстане", 1960; "Из истории Октябрь-ской революция и гражданской войны в Казахстане", 1962; "Из истории борьбы за власть Советов в Казахстане", 1963) жариялауға қатысты. 1982 ж. Қазақстан тарихының 5 томдық ужымдық жинағын шығаруға қатысқаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техникалық қайраткері (1998). 3 ғылымдары докторы, 25-тен аса ғылым кандидатын даярлады. 300-ден аса ғылым жобаларының, соның ішінде 20-дан аса монографияның авторы.
Дереккөздер
| ]- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Нүрпейісов Кеңес туралы ақпарат, Нүрпейісов Кеңес дегеніміз не? Нүрпейісов Кеңес нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!