Кәдімгі қасқыржем
| Тамырдәрі | ||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
| Asparagus officinalis |
Кәдімгі қасқыржем , Қояншөп (лат. Asparagus officinalis) – қасқыржемдер тұқымдасының қасқыржем туысына жататын, биіктігі 1метрден асатын, көп жылдық шөп тектес өсімдік.
Ботаникалық сипаты
| ]
- Тамыры қысқа әрі жуан. Оған жанай өскен көптеген жіңішке және түзу тамырлары бар.
- Жапырақтары майда, үш бұрышты, жіңішке, топ-топ болып онраласқан.
- Гүлдері ақшыл жасыл немесе жасыл сары түсті, қоңырау тәрізді болып келеді.
- Жемісі шар тәрізді домалақ қызыл жидек.
- Маусым айында гүлдеп, қыркүйек айында піседі. Шабындықтарда, таулардың етектерінде, далалы аймақтарда, өзен жағаларында, ағаштардың араларында кездеседі.
Емдік қасиеті
| ]Дәрілік мақсат үшін тамырдәрінің тамыры пайдаланылады. Құрамында аспаргин, сапониндер, С және В дәрумендері, каротин, кониферин гликозиді бар.
- Өсімдіктен жасалған дәрілердің қан қысымын төмендететін, жүректің қан тамырларын кеңітіп, несеп жүргізетін қасиеттері бар.
- Тамырдәріні бүйрек және жүрек ауруларын, несеп жолдары безінің қабынуын емдеу үшін пайдаланады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі
| ]- Тамырыдәрі тамырын кептіріп, майдаланған 2 шай қасығын 1 стақан сауға салып тұндырады да, 1 күн ішінде ішіп тауысады.
- Бүйрек ауруына байланысты дененің ісігі көбейіп кеткенде тамырдәрінің ұнтақталған 2 шай қасығына ақжелкеннің 2 шай қасығын қосып, оның 1 ас қасығын 1 стақан қайнап тұрған суға салып 1 сағат тұндырады да, 1 ас қасық күніне 3 мезгіл ішеді.
- Тамырдәрінің жас өркендерін ертеде-ақ тамаққа тәбетті шаптыратын дәрі ретінде пайдаланатын болған. Ал жемісі кофені алмастыратын суррогат орнына пайдаланылады.
Дереккөздер
| ]- Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
Тағы қараңыз
| ]Санаттар:
- Қасқыржемдер
- Дәрілік өсімдіктер
- Қазақстан флорасы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Кәдімгі қасқыржем туралы ақпарат, Кәдімгі қасқыржем дегеніміз не? Кәдімгі қасқыржем нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!