Сусар тәрізділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сусар тәрізділер
Қазбалық ауқымы: Олигоцен to present
image
Long-tailed weasel
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Chordata
Табы: Mammalia
Сабы: Carnivora
Кіші сабы: Caniformia
Ұлы тұқымдасы: Musteloidea
Fischer, 1817
Тұқымдастар

Сусар тәрізділер (лат. Musteloidea) — жыртқыш сүтқоректілер отрядының кіші сабы.

Денесі ұзын, икемді, аяқтары қысқа, бессаусақты, тырнақтары көрінбейді. Көпшілігі толық немесе жартылай өкшесінен басатындар; кейбір түрлерінің саусақтар аралығы жүзу жарғағымен байланысқан; теңіз камшатының артқы аяқтары жүзу ескегіне айналған. Жүні қалың, үлпілдек, көптеген түрлерінің жүні түбіттенген. Көпшілігі бір жылда екі рет түлейді. Жақсы жетілген анал бездері күшті иісті зат бөліп шығарады. 64 түрі, 24 туысы белгілі. Олар: сусар, құну, аққалақ, сасық күзендер, 13 түр, оның ішінде аққіс, аққалақ, сарыкүзен, Еуропалық және американдық су күзендері, сасық күзендер, борсықтар; тарбағаннын 3 түрі, кәмшат және теңіз кәмшаты бар. Австралия мен Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. ТМД—да 8 туыстың 16 түрі кездеседі. Олар жерде, суда және ағаштарда тіршілік етеді. Көпшілігі моногамдар және жылына бір рет 1 ден 18 дейін бала табады. Ет жегіштер. Өте бағалы терілі кәсіпшілік және аң шаруашылық жануарлары.

Дереккөздер

 | ]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сусар тәрізділер туралы ақпарат, Сусар тәрізділер дегеніміз не? Сусар тәрізділер нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *