Ескекаяқты шаянтәрізділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ескекаяқты шаянтәрізділер
Қазбалық ауқымы: Early Cretaceous – Recent
ПреК

image
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Буынаяқтылар
Кіші жамағаты: Шаянтәрізділер
Табы: Максиллоподалар
Кіші табы: Copepoda
H. Milne-Edwards, 1840
Orders
  • Calanoida
  • Cyclopoida
  • Gelyelloida
  • Harpacticoida
  • Misophrioida
  • Monstrilloida
  • Mormonilloida
  • Platycopioida
  • Poecilostomatoida
  • Siphonostomatoida

Ескекаяқты шаянтәрізділер (лат. Copepoda) – омыртқасыз жануарлардың буынаяқтылар типінің шаянтәрізділер класына жататын бір тармағы. Триас кезеңінен белгілі. Бұлардың 3 отряды: Каланидтар (Сalanoіda), циклоптар (Сyclopoіda) және Гарпактицидтер (Нarpactіcoіda) бар. Ескекаяқты шаянтәрізділер тармағының 7000-дай түрі кездеседі. Қазақстанда каланидтердің 35, ал циклоптардың 55 түрі анықталған. Ескекаяқты шаянтәрізділер – теңіздерде, тұщы суларда, судың түбінде тіршілік ететін жәндіктер (денесінің ұзындығы 0,1 мм – 3 см, ең ірілері 32 см-дей). Денесі жақсы сегменттелген: басы күрделі (оған бірінші кеуде сегменті бірігіп кеткен), сондай-ақ 5 сегментті кеудеден және 4 сегментті аяқтары жоқ құрсақтан тұрады, тальсоны (құрсақтың соңғы сегменті) айыршықпен (вилочка) аяқталады. Маңдайында сыңар көзі бар. Кеуде аяқтары екі бунақты, жалпақ, ескек тәрізді қозғалыс жасайды (класс тармағының аталуы осыдан). Бұлар бүкіл денесімен тыныс алады. Аналығы жұмыртқаларын құрсақ сегментінде, екі жұмыртқа қапшығында сақтайды. Метаморфоз жолымен (яғни дернәсілден бірден ересек жәндікке айналады) дамиды. Ескекаяқты шаянтәрізділердің көпшілік түрі – балықтар мен мұртты киттердің негізгі қорегі. Кейбір түрлері балықтардың желбезектерінде паразитті тіршілік етіп, балық ш-на зиян да келтіреді. Сонымен қатар Ескекаяқты шаянтәрізділер жалпақ таспа құрттардың, риштаның (адам паразитінің) аралық иесі болып саналады.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ энцклопедиясы


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ескекаяқты шаянтәрізділер туралы ақпарат, Ескекаяқты шаянтәрізділер дегеніміз не? Ескекаяқты шаянтәрізділер нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *