Мәлкі тотай
«Мәлкі тотай» — бұл ойын алаңда, кең жерде ойналады. Ойнаушылар саны жұп, әрі алтыдан кем болмауға тиіс. Олар, өз ішінен екі ойын басқарушы сайлайды. Бастаушылар барлық сайлаушыларды өзара кезекпе-кезек бөлісіп алады. Содан кейін әр бастаушы өз адамдарымен он метрдей қашыққа барып, қол ұстасып, тізбектеліп тұрады. Бірінші топтың бастаушысы: «Мәлкі тотай» деп айқайлайды. Екінші топтың бастығы одан: «Саған кім керек?»— деп сұрайды. Сонда ол керек адамның атын атайды. Аты аталған ойыншы шақырған топқа, қол ұстасып тұрған тізбекті үзіп (қолдарын жаздырып) кету үшін пәрменімен жүгіріп барып, киіп өтеді. Егер тізбекті үзіп кетсе, одан ол өз тобына бір баланы ала келеді, ал егер үзе алмаса, өзі сонда қалып қояды.
Содан кейін екінші топтың бастығы сөз бастап, ойынды бұрынғысынша қайталайды. Ақырында, екі топтың бірі жеңіледі. Жеңілген жағы ән айтып, тақпақ орындайды.
Тағы қараңыз
| ]- Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі
Дереккөздер
| ]- Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3
| |||||||||||||||||||||
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
- Қазақтың ұлттық ойындары
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Мәлкі тотай туралы ақпарат, Мәлкі тотай дегеніміз не? Мәлкі тотай нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!