Жаңақорған ауданы
Жаңақорған ауданы — Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік, 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы — 16,6 мың км². Орталығы — Жаңақорған кенті.
Қазақстан ауданы | |||
Жаңақорған ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | Қызылорда облысы | ||
Аудан орталығы | Жаңақорған | ||
Ауылдық округтер саны | 24 | ||
Кенттік әкімдіктер саны | 2 | ||
Ауыл саны | 34 | ||
Әкімі | Мажит Самитұлы Самитов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Жаңақорған кенті, Көкенов көшесі, №33 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 43°47′32″ с. е. 67°22′05″ ш. б. / 43.79222° с. е. 67.36806° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°47′32″ с. е. 67°22′05″ ш. б. / 43.79222° с. е. 67.36806° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | 1928 | ||
Жер аумағы | 16,6 мың км² (7 орын) | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 81515 адам (2024)(2 орын) | ||
Тығыздығы | 5,08 адам/км² (3 орын) | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар (99,15%), орыстар (0,25%), түріктер (0,23%), басқа ұлт өкілдері (0,37%) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды | 72435 | ||
Пошта индексі | 120300 | ||
Автомобиль коды | 11 | ||
Жаңақорған ауданының әкімдігі | |||
|
Географиялық орны, жер бедері
Аудан батысында Шиелі ауданымен және Өзбекстан Республикасымен, шығысында Түркістан облысының Созақ, Сауран, оңтүстігінде Отырар аудандарымен шектеседі.
Аудан жерінің солтүстік-шығыс бөлігін Қаратау жотасының солтүстік-батыс сілемдері алып жатыр. Ең биік жері — 1419 м (Бесарық өзенінің бастауында). Орталық бөлігін Сыр бойы жазығы, оңтүстігін, оңтүстік-батысын Қызылқұм шөлі алып жатыр. Ауданның жер қойнауы кен байлықтарына бай. Қаратаудың Өгізмүйіз тауы етегінде Шалқия кеніші орналасқан.
Қазба байлықтары
Кен орнынан мырыш, қорғасын, күміс, кадмий, т.б. сирек кездесетін металл кентастары кездеседі. Сондай-ақ, ауданда құрылысқа жарамды тас, қиыршықтас, құм, саз (бентонит), т.б. кен қорлары бар.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты — континенттік. Қысы біршама жұмсақ, жылы күндер жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ. Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы — 6–7°С, шілдеде — 27–28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 150–200 мм. Өзен жүйесін Сырдария өзені және оның оң салалары (Бесарық, Ақұйық, Жиделі, т.б.) құрайды. Борықтыкөл, Нарсоққан, Бозкөл, Қандыарал, Шұқырой, т.б. көлдері бар. Топырағы аллювийлі-шалғынды, шалғынды-батпақты, сор, сортаң, оңт-ке қарай құмды келеді. Қаратау етегінде жусан, селеу, шеңгел, тобылғы, жиде, итмұрын, шөлде баялыш, көкпек, сораңшөп, сексеуіл, жыңғыл, су бойында қамыс-құрақ өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, қырғауыл, шіл, т.б. мекендейді.
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2024 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
16472 | ▲23424 | ▲37029 | ▲50959 | ▲61643 | ▲67563 | ▲70128 | ▲81515 |
Тұрғындар саны – 81 515 адам (2024). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,12%, орыстар – 0,27%, басқа ұлт өкілдері – 0,61%.
Әкімшілік бөлінісі
34 елді мекен 24 ауылдық округ пен 2 кенттік әкімдікке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Аққорған ауылдық округі | Түгіскен ауылы | 1 | ▲4446 |
Ақүйік ауылдық округі | Бірлік ауылы | 1 | ▼2358 |
Байкенже ауылдық округі | Байкенже ауылы | 2 | ▲1429 |
Екпінді ауылдық округі | Екпінді ауылы | 1 | ▼926 |
Жайылма ауылдық округі | Жайылма ауылы | 1 | ▲1489 |
Жаманбай батыр ауылдық округі | Бесарық ауылы | 2 | ▼3119 |
Жаңаарық ауылдық округі | Жаңаарық ауылы | 1 | ▼1865 |
Жаңақорған кенттік әкімдігі | Жаңақорған кенті | 1 | ▲31910 |
Кейден ауылдық округі | Кейден ауылы | 2 | ▲1470 |
Келінтөбе ауылдық округі | Келінтөбе ауылы | 1 | ▼3183 |
Көктөбе ауылдық округі | Көктөбе ауылы | 1 | ▼503 |
Қандөз ауылдық округі | Қандөз ауылы | 2 | ▼1308 |
Қаратөбе ауылдық округі | Баспақкөл ауылы | 1 | ▼1611 |
Қожакент ауылдық округі | Қожакент ауылы | 1 | ▲3152 |
Қожамберді ауылдық округі | Қожамберді ауылы | 1 | ▼786 |
Қосүйеңкі ауылдық округі | Қосүйеңкі ауылы | 1 | ▼776 |
Қыраш ауылдық округі | Қызылмақташы ауылы | 1 | ▼829 |
Қыркеңсе ауылдық округі | Әбдіғаппар ауылы | 1 | ▼1847 |
Манап ауылдық округі | Манап ауылы | 2 | ▼1023 |
Мәшбек Нәлібаев ауылдық округі | Ақжол ауылы | 1 | ▲1026 |
Өзгент ауылдық округі | Өзгент ауылы | 2 | ▼1701 |
Сунақата ауылдық округі | Сунақата ауылы | 2 | ▼2386 |
Сүттіқұдық ауылдық округі | Тақыркөл ауылы | 1 | ▼2082 |
Талап ауылдық округі | Бесарық станциясы | 1 | ▲1146 |
Төменарық ауылдық округі | Төменарық ауылы | 1 | ▼3716 |
Шалқия кенттік әкімдігі | Шалқия кенті | 2 | ▲2655 |
Кәсіпорындары
Өнеркәсіп орындарынан Шалқия кен өндіру кешені, тас ұнтақтау зауыты, т.б. шағын кәсіпорындар (май, нан зауыттары) бар. Жаңақорған ауданындағы бұрынғы күріш, қаракөл қойын, етті-сүтті ірі қара, бау-бақша, жеміс жидек өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі 1997 жылдан бері акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер және шаруа қожалықтары болып қайта құрылған. Одан басқа құрылыс, көлік, телекоммуникация, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары бар.
Ауыл шаруашылығы
Егін егуге жарамды жері — 1,4 млн га, оның ішінде: жыртылған жері — 16,2 мың га, шабындығы — 30,8 мың га, жайылымы — 1,3 млн га. Негізінен, күріш өсіріледі. 2000 жылдың басында ауданда 22,6 мың ірі қара (оның ішінде 7,0 мың сиыр), 131,1 мың қой мен ешкі, 5,7 мың жылқы, 0,6 мың түйе болды.
Әлеуметтік құрылымдары
Жалпы білім беретін 40 мектеп, 2 музей, 20 мешіт, 32 кітапхана, 29 мәдениет үйлері мен клубтар, қонақ үйі, 2 спорт сарайы, 9 спорт кешені, стадиондар мен спортзалдар бар. 5 аурухана, 1 емхана, 22 фельдш.-акушерлік және 6 дәрігерлік пункттер жұмыс істейді. Аудандағы елді мекендерге 78,6 км су құбыры тартылған.
Тарихи ескерткіштері
Жаңақорған ауданында Қарасопы, Хорасан ата, Құрбан ата, Сунақ ата кесенелері, Ақтас мешіті сияқты тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласының орны сақталған. Құм астында қалған Сауран, Өзгент, Аққорған, Ордакент сияқты ежелгі қалалардың орны бар. Аудан жерімен Қызылорда–Шымкент автомобиль және темір жолдары өтеді.
Жаңақорғанан шықан атақты адамдар
- Исатай Әбдікәрімов,
- Сұлтан Сартайұлы Сартаев,
- Оңалбек Сапиев,
- Сейілбек Шауқаманов,
- Қалтай Мұхамеджанов,
- Дүкенбай Досжан,
- Тынымбай Нұрмағамбетов,
- Жадыра Дәрібаева,
- Мәлібек Жандарбеков,
- Төлепберген Әбдірашев — дирижер,
- Мұхтар Әлиұлы Әлиев — дәрігер-хирург,
- Бірлесбек Алдияров — академик,
- Сейфулла Әбдірайымов,
- Қалила Нематұлы Омаров — режиссер,
- Әнуар Әбутәліпов — Кеңес Одағының батыры,
- Бексұлтан Байкенжеев — ақын, жазушы.
Дереккөздер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жаңақорған ауданы туралы ақпарат, Жаңақорған ауданы дегеніміз не? Жаңақорған ауданы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!