Қарахан кесенесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қарахан кесенесі
image
Жалпы мәлімет
Статусы

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Түрі

киелі нысан

Сәулет стилі

қала құрылысы және сәулет

Орналасуы

Жамбыл облысы

Мекен жайы

Тараз қаласының батыс шеті

Жөнделген уақыты

1906 жылы

Биіктігі
Төбесі

күмбезді

Картада орналасуы
image
Қарахан кесенесі (Қазақстан)
image
Қарахан кесенесі

Координаттар: 42°53′55″ с. е. 71°23′06″ ш. б. / 42.89861° с. е. 71.38500° ш. б. / 42.89861; 71.38500 (G) (O) (Я)

Қарахан кесенесі – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

 | ]

Жамбыл облысы Тараз қаласының батыс шетінде.

Құрылысы, сипаты

 | ]
image
Қарахан кесенесі. ХХ ғасырдың басы. Шығыс көрінісі.

Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра]] Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент ишаны Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұхарадағы ортағасырлық Исмайыл күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңтүстіктен солтүстікке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.

Дереккөздер

 | ]
  1. “Тараз энциклопедиясы”

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Қарахан кесенесі туралы ақпарат, Қарахан кесенесі дегеніміз не? Қарахан кесенесі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *