Астық тескіш
| Астық тескіш | ||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
| Stegobium paniceum (Карл Линней, 1758) |
Астық тескіш (лат. Stegobium paniceum) – қатты қанаттылар сабына жататын тескіш қоңыздар тұқымдасының өкілі.
Қазақстанның барлық аймағында кең тараған. Денесінің ұзындығы 2 – 3 мм, түсі қызғылт келеді. Астық тескіштің дернәсілдері қойма зиянкестері болып табылады. Ол қоймадағы кептірілген көкөністерді, дәрілік өсімдіктерді, ұн өнімдерін, сондай-ақ кітап, қағаздарды да зақымдайды. Зақымданған ұн өнімдерінің сапасы төмендеп, қарайып кетеді. Астық тескіш маусым – шілде айларында жаппай ұша бастайды. Ұрғашылары тағам өнімдеріне 140-қа дейін жұмыртқа салады. Дернәсілдері ұн өнімдерін, астық тұқымдарын жеп, сол жерде қуыршаққа айналады. Астық тескіш жылына 4 рет көбейеді. Ол астық қамбаларында тазалық тәртібін дұрыс сақтау, уақытында химиялық және физикалық өңдеу әдістерін қолдану арқылы жойылады.
Сілтемелер
| ]Сыртқы сілтемелер
| ]- Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Дереккөздер
| ]- Қазақ энциклопедиясы I том
- Қатты қанаттылар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Астық тескіш туралы ақпарат, Астық тескіш дегеніміз не? Астық тескіш нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!