Астық қоңызы
| Астық қоңызы | ||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
|
Астық қоңызы (лат. Anisoplia austriaca) – қатты қанаттылар сабының тақтамұрттылар тұқымдасына жататын қоңыз. Астық қоңызы астық тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Қазақстанда кең тараған. Көбінесе далалы, орманды-далалы аймақтарда көптеп кездеседі. Дернәсілдері топырақта тіршілік етіп бидайдың, т.б. өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Әсіресе оның балапан құрты астық дақылдарының көгін қиып тастайды. Дернәсілдері 2 жыл қатарынан қыстап, мамыр айында топырақ бетіне шығады. Ұшып шығысымен бидай, сұлы, арпа сияқты дақылдардың дәнімен қоректенеді, ұрғашылары 10 – 50 данаға дейін жұмыртқа салады. Егістікке инсектицид шашу, аңызды терең жырту арқылы Астық қоңызының залалын азайтуға болады.
Сілтемелер
| ]Сыртқы сілтемелер
| ]- Астық қоңызы(қолжетпейтін сілтеме)
- Батыс Қазақстанда егістік алқаптарын астық қоңызы жайлап кетуіне байланысты облыста төтенше жағдай қалыптасты(қолжетпейтін сілтеме)
Дереккөздер
| ]- Қазақ энциклопедиясы I том
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Қатты қанаттылар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Астық қоңызы туралы ақпарат, Астық қоңызы дегеніміз не? Астық қоңызы нені білдіреді?

Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!