Алакөл қорығы
| Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Ауданы | 65 672,01 га |
| Құрылған уақыты | 21 сәуір 1998 жыл |
| Басқаратын ұйым | ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
| Орналасуы | |
| 46°11′00″ с. е. 81°47′00″ ш. б. / 46.18333° с. е. 81.78333° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°11′00″ с. е. 81°47′00″ ш. б. / 46.18333° с. е. 81.78333° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақтар | Жетісу облысы, Абай облысы |
| Аудандар | Алакөл ауданы, Үржар ауданы |
| Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). | |
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы — Тентек сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Жетісу облысының Алакөл және Абай облысының Үржар аудандарында орналасқан. Аумағы 65672 га. Қорықтың аумағы 12 телімге бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде анықтады. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. Қорық жануарлар дүниесіне өте бай. Мұнда балықтардың 17, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 324 және сүтқоректілердің 33 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 16 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқаш алабұғасы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 286 түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ «Табиғат жылнамасы» жазылады. «Табиғат мұражайы» жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.
Алакөл көлі
| ]Алакөл Қазақстанның көз жауын алатын көлдерінің бірі. Жетісу Алатауының солтүстік шығысында жатқан тұзды көл минералды тұздар мен күкіртті батпаққа бай. Сонымен қатар, Сіз көл бойында 35 км созылып жатқан Құстар Аралынана Фламинго құстары мен басқа да 40 түрлі құстарды көре аласыз.
| Қазақстан ерекше қорғалатын табиғи аумақтары | |
|---|---|
| Қорықтар (тізім) | Ақсу-Жабағылы | Алакөл | Алматы | Барсакелмес | Батыс Алтай | Қаратау | Қорғалжын | Марқакөл | Наурызым | Үстірт |
| Ұлттық парктер (тізім) | Алтынемел | Баянауыл | Бурабай | Бұйратау | Жоңғар Алатауы | Катонқарағай | Көкшетау | Көлсай көлдері | Қарқаралы | Сайрам-Өгем | Тарбағатай | Шарын | Іле Алатауы |
| Резерваттар (тізім) | Ақжайық | Алтын Дала | Ертіс орманы | Семей орманы | Ырғыз-Торғай | Іле-Балқаш |
| Қорық аймақтары | Арыс және Қарақтау | Жусандала | Кендірлі-Қаясан | Оңтүстік Қазақстан | Солтүстік Каспий |
| Қорықшалар | Қазақстан қаумалдары |
| Табиғат ескерткіштері | Қазақстан табиғат ескерткіштері |
- Алфавит бойынша қорғалатын табиғи аумақтар
- Қазақстан қорықтары
- Абай облысы
- Жетісу облысы
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Алакөл қорығы туралы ақпарат, Алакөл қорығы дегеніміз не? Алакөл қорығы нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!