Коряк тілі
Коряк тілі (Koryak language) — палеоазияттық тілдер отбасының чукот – камчатка тармағына кіреді. Үндестігі бар тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады.
| Коряк тілі | |
| Өз атауы: | Koryak language |
|---|---|
| Елдер: | Ресей |
| Сөйлеушілер саны: | 1665 (2010) |
| Классификация | |
| |
| Жазуы: | кириллица |
| Тіл коды | |
| МЕСТ 7.75–97: | коя 335 |
| ISO 639-1: | kpy |
| ISO 639-2: | — |
| ISO 639-3: | kpy |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |
Референтті халық
Референтті халық: коряктар; өз атауы: жағалау коряктары – нымылгын, бұғы өсіруші коряктар – чавиын.
Географиялық таралуы
Коряктар Камчатка түбегінің солтүстік және орталық бөлігінде, Беринг және Охот теңіздерінің жағалауында, этникалық топтың көпшілігі Коряк автономиялық округінде тұрады. Коряктардың аз бөлігі Камчатка облысының Коряк автономиялық округінің құрамына кірмейтін аудандарында (Быстринский, Соболевский), 700-ден астам коряктар қазіргі Магадан облысының Северо-Евенск ауданының аумағында, негізінен Тайгонос түбегінде тұрады.
Диалектісі
Коряк тілінде бірнеше диалектілер бар: чавчувен, апукин, камен, алютор (кейде дербес тіл болып саналады), иткан, олардың ішінде чувчувен диалектісі жазудың негізін қалады. Чавчувен диалектісінде бұғы бағушы коряктар сөйлейді.
Жазуы
Коряк тілінің жазу жүйесі 1930 жылдары жасалды – алдымен латын әліпбиіне, содан кейін кириллицаға негізделген. Бірінші коряк әліппесін сол уақытта лингвист, этнограф-солтүстікші, алғашқы коряк мектептерінің ұйымдастырушысы Сергей Стебницкий жасаған.
| А а | Б б | В в | Вʼ вʼ | Г г | Гʼ гʼ | Д д | Е е |
| Ё ё | Ж ж | З з | И и | Й й | К к | Ӄ ӄ | Л л |
| М м | Н н | Ӈ ӈ | О о | П п | Р р | С с | Т т |
| У у | Ф ф | Х х | Ц ц | Ч ч | Ш ш | Щ щ | Ъ ъ |
| Ы ы | Ь ь | Э э | Ю ю | Я я |
Дереккөздер
- Э.Д. Сүлейменова, Д.Х. Ақанова, Н.Ж. Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы» — «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020. — Б. 143. — 480 б. — ISBN 978–601–7988-21-0.
- Коряк тілі. Тексерілді, 14 маусым 2025.
- Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 14 маусым 2025.
- Солтүстіктің байырғы халықтарының тілдері. Тексерілді, 14 маусым 2025.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Коряк тілі туралы ақпарат, Коряк тілі дегеніміз не? Коряк тілі нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!