Ақбұлақ уезі
Ақбұлақ уезі — Қырғыз АКСР-дағы Ақтөбе губерниясының 1922-1924 жылдары болған әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Уез | |
Ақбұлақ уезі | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
|
Кіреді | |
Енеді | 15 болыс |
Әкімшілік орталығы | Ақбұлақ |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты | 5 шілде 1922 |
Таратылған уақыты | 16 қаңтар 1924 |
Орталығы Ақбұлақ ауылы болған Ақбұлақ уезі 1922 жылы 5 шілдеде құрылған. Құрамында 15 болыс болды:
- Ақбұлақ. Орталығы — Ақбұлақ а.
- Астрахан. Орталығы — Астрахан а.
- Бабатай көшпелі
- Жиренқопа көшпелі
- Елек көшпелі
- Калинин. Орталығы — Калинин а.
- Ново-Алексеев. Орталығы — Ново-Алексеев а.
- Петропавлов. Орталығы — Петропавлов а.
- Сазды. Орталығы — Сазды а.
- Тамды көшпелі
- Томарөткел көшпелі
- Тұзтөбе көшпелі
- Харьков. Орталығы — Харьков а.
- Қобда көшпелі
- Жайсан. Орталығы — Жайсан а.
1922 жылы 27 шілдеде Ойыл ауданынан Ақбұлақ уезіне 6 болыс: Беловодск (орталығы - Беловодск ауылы), Қайыңды көшпелі, Қарағанды көшпелі, Киелі-Ойыл көшпелі, Ново-Надеждинск (орталығы - Ново-Надеждинск ауылы), Преображенск (орталығы – Преображенск ауылы) көшірілді.
1923 жылдың басында Темір уезінің Бабатай болысы Қайыңды болысына қосылды.
1923 жылы 26 сәуірде Беловодск және Ново-Надеждинск болыстары Преображенскіге, Калинин және Петропавлов — Ново-Алексеевкіге, Николаев және Харьков — Жайсанға қосылды. Елек болысының орталығы Шашқан, Қарағанды болысыныкы — Қарағанды ауылы, Преображенск болысыныкы — Сазды ауылы, Тұзтөбе — Томарөткел ауылы болды. Қайыңды болысы Темір уезіне берілді.
1924 жылы 16 қаңтарда Ақбұлақ уезі таратылды. Оның аумағы Ақтөбе уезіне қосылды.
Әдебиет
- Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі туралы анықтама (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) / Базанова Ф. Н. — Алматы: Қазақ КСР ІІМ мұрағат басқармасы, 1959. — 288 б. — 1500 таралым.
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ақбұлақ уезі туралы ақпарат, Ақбұлақ уезі дегеніміз не? Ақбұлақ уезі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!