Жұмәділ Маман

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image

Жұмәділ Маман - 1941 жылы 17 қарашада ҚХР, Суар, Іле аймағы, Күнес ауданында дүниеге келген. Суар педагогикалық институтының тіләдебиет факультетін 1959 жылы бітіріп, «Іле жастары» журналы, «Іле өрендері» , «Іле» газеттерінің тілшісі, редакторы, аға редакторы болып қызмет атқарды. 1970 жылы «мәдени зор төңкеріс» тұсында 4 жыл еңбекпен түзетуде болған. 1974 жылдан бастап Іле облыстық Коммунистік Жастар одағы комитетінде үгіт бөлімінің меңгерушісі, «Іле айдыны» журналының бас редакторы, облыстық шығармашылық кеңсе меңгерушісі болды. 1985 — 2002 жылдары Іле облыстық әдебиет-көркемөнер бірлестігінің төрағасы, «Іле айдыны» (қазақ, ұйғыр, қытай тілдерінде шығатын) 3 әдеби журналдың Бас редакторы міндетін атқарған. ҚХР Жазушылар одағы, Фольклор қоғамының мүшесі. Қазір зейнеткер. «Пионерлерге» (өлең-мысалдар), «Тау жалыны», (дастан), «Қарақат» (өлең-толғаулар), «Ақбар-Сейіт» (роман), «Ақылбай атайдың әңгімелері» (повесть), «Әке бауырындағы бала» (әңгіме-повестер), «Қарқара шоқысы» (әңгімелер), «Тұнық дауыс» (өлең-поэмалар), «Жүмәділ дастандары» (дастандар), «Ән сыры — жан сыры» (ғылыми мақалалар), «Айхай» (аударма, әңгіме-повестер), «Күмбезге түскен күншуақ» (повесть-хикаят), «Ашық есік алдында» (эсселер), «Адамның бұлбұлы — Әсет» (тарихи ғұмырнама) кітаптары жарық көрген.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жұмәділ Маман туралы ақпарат, Жұмәділ Маман дегеніміз не? Жұмәділ Маман нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *