Жұлдыздар қауымдастығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image

Жұлдыздар қауымдастығы немесе жұлдыздар ассоциациясы — белгілі бір типке не спектрлік класқа жататын шашыраңқы жұлдыздар тобы.

Қазіргі кезде бізге OB-қауымдастығы мен T-қауымдастығы белгілі болып отыр.

OB-қауымдастығына О, ВО, В1 және В2 спектрлік кластарының ыстық алып жұлдыздары мен асқын алып жұлдыздары жатады. ОВ-қауымдастығында материяның өте тығыз аймағы болмайды. Бұл оның шашыраңқы және шар тәрізді жұлдыздар шоғырынан өзгешелігі болып есептеледі. ОВ-қауымдастығы Галактиканың қазіргі дәуірдегі жұлдыздар пайда болатын аймағы деп саналады. 20 ғасырдың 70-жылдарының басына дейін Галактикада ашылған ОВ-қауымдастығының саны 82-ге жетті. Олардың барлығы да 3,5 кпк-тен жақын қашықтықта (оның ішінде жартысы 1,5 кпк-тен қашықтықта) орналасқан. Галактикадағы ОВ-қауымдастығының жалпы саны 4000 болуы мүмкін деп есептелінеді.

Т-қауымдастығының құрамына Т Торпақ типіндегі айнымалы жұлдыздар енеді. Т-қауымдастығының мөлшері (бірнеше ондаған пк) ОВ-қауымдастығына қарағанда кіші болып келеді. Олардың құрамында, әдетте, бірден бірнеше онға дейінгі Т Торпақ типті жұлдыздар болады. Тек Ориондағы Т-қауымдастығы бұдан ерекше болып келеді, ондағы нысандар саны 220-ға жетеді. 20 ғасырдың 70-жылдарының басында 30-ға жуық Т-қауымдастығы ашылды. Олардың барлығы да 0,5 пк-тен жақын қашықтықта орналасқан. Бұдан Галактикадағы Т-қауымдастығының саны ОВ-қауымдастығының санынан едәуір көп деп қорытынды жасауға болады. Кейбір ОВ-қауымдастығында Т Торпақ типіндегі жұлдыздар тобы да табылған. Сондықтан мұндай түзілістер әрі ОВ-қауымдастығы, әрі Т-қауымдастығы болып саналады. Жұлдыздар қауымдастығын тұңғыш рет академик В.А. Амбарцумян ашқан (1947). Жұлдыздар қауымдастығының жұлдыздардың Галактикада пайда болу ошағы ретінде ашылуы жұлдыздар мен жұлдыздар жүйелерінің дамуын зерттеудегі маңызды кезең болды.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 4 том

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жұлдыздар қауымдастығы туралы ақпарат, Жұлдыздар қауымдастығы дегеніміз не? Жұлдыздар қауымдастығы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *