Жолан Дәстенов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жолан Дәстенов - (8.1.1943, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Өндіріс ауылы) - композитор.

Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы профессор Қ.Қожамияровтың класы бойынша) бітірген (1970). 1969- 70 жылдары Қазақ филармониясында лектор, 1971 - 82 жылдары Алматы консерваториясында оқытушы, 1975 - 79 жылдары Қазақ телевизиясында музыкалық бағдарламалардың бас редакторы, 1982 жылдан Қазақстан композиторлар одағыныңЕртіс өнірі бойынша бөлімшесінің төрағасы. Дәстенов - балаларға арналған алғашқы "Қаңбақ шал" атты операның (1979) авторы. Ол "Мамаев қорғанында" (1969), "Тауда" (1972) мен "Отырардың ақырғы күні" (1980, 2-нұсқасы 1982) атты симфониялық поэмаларын, балет сюитасын (1973), оркестрге арналған екі концерт (1975, 1978), фортепьяноға арналған "Кешкі ертегі" сюитасын, "Достық гимні" хор поэмасын (1978), әндер, романстар, т.б. музыкалық шығармалар жазды. Қазақстан Комсомол сыйлық лауреаты (1976).

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жолан Дәстенов туралы ақпарат, Жолан Дәстенов дегеніміз не? Жолан Дәстенов нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *