Жіңішке пайыз
Жіңішке пайыз (лат. Stubendorffia gracilis) – орамжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Қаратау, Шу-Іле тауларының тасты, тастақты беткейлерінде кездеседі. Биіктігі 30 см-дей жалаң өсімдік. Сабағы бұтақтанған, қырлы. Жапырақтары тұтас; тамыр түбіндегілері кең сағақты; сабақ бойындағылары ұзынша сопақша; ең жоғарғылары қандауыр тәрізді. Гүлдері ақ түсті. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі – эллипс тәрізді бұршаққынша (ұзындығы 7 мм-дей). Жіңішке пайыз өте сирек кездесетін реликт және эндемик түр, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
| Жіңішке пайыз | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Stubendorffia gracilis (Pavlov) Botsch. & Vved. | ||||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||||
| Stroganowia gracilis Pavlov |
Дереккөздер
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жіңішке пайыз туралы ақпарат, Жіңішке пайыз дегеніміз не? Жіңішке пайыз нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!