Жазылбек Қуанышбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жазылбек Қуанышбаев
Туған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Қайтыс болған күні

1986 (1986)

Қайтыс болған жері

image Қазақстан, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы)

Азаматтығы

image КСРО

Қызметі

шопан, малшы-селекционер, 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948),(1958)

Балалары

Қойшыбек, Тойшыбек

Марапаттары мен сыйлықтары
  • 2 мәрте Ленин ордені
  • Алтын Жұлдыз ордені
  • "Орақ пен Балға" алтын медалі
  • 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948), (1958)
  • Медальдер

Жазылбек Қуанышбаев (1896 —1986) - шопан, малшы-селекционер, 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948),(1958). 1896 жылы 29 наурызда Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Көктерек ауылында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі

 | ]
  • 1930 жылдан "Кеңес" мал серіктігі құрылғанда алғашқылардың бірі болып кіріп, қой бағады.
  • 1936-1957 жылдары Көктерек, Айдарлы совхоздарында аға шопан болып, қажырлы еңбек көрсетеді:
    • 1936 жылы таңдаулы малшылар қатарында Алматыда ашылған Қазақстан ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысады. Осы сапардан оралысымен ол [мал] тұқымын асылдандыру жүмысына кіріседі. Жергілікті қылшық жүнді қойды қаракөл қойымен будандастыру ісін жүргізеді. Ұлы Отан соғысынан кейін, тоқтап қалаған бұл селекция жұмысын қайтадан жалғастырып, жаңа қой тобы — қүнды елтірі беретін қаракөл қойын өсіреді. Одан төл алу және оның елтірісінің сапасын жақсарту көрсеткіші жылдан жылға өрлей береді:
    • 1947 жылы әр 100 саулықтан 130 қозы алады. Осы еңбегі үшін 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі
    • өндірілген қаракөл елтірілері халықаралық жәрмеңкелерде (Дели, Бухарест, Познань, Нью-Йорк қалаларында) және аукциондарда өте жоғары бағаланды;
    • 1957 жылы бағымындағы әр 100 қойдан ең жоғарғы, рекордтық көрсеткіш -145 қозы өсірді. Әр қойдан алынған жүн мөлшері де 3,3 кг-ға өседі. Осы үздік табысы үшін 1958 жылы екінші рет Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі.
  • 1957-1965 жылдары қаракөл өсірушілікті дамыту жолының бастамашысы болады.
  • Екі мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
  • СОКП XII съезі және колхозшылардың Бүкілодақтық үшінші съезінің делегаты болды.
  • 1962 жылы заңды еңбек демалысына шықса да 1965 жылы жаңа отар қабылдап алып,152-ге дейін қозы өсірген.

Наградалары

 | ]
  • 2 мәрте Ленин ордені
  • Алтын Жұлдыз ордені
  • "Орақ пен Балға" алтын медалі
  • 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948), (1958)
  • Медальдер

Есімнен естелік

 | ]
  • 1960 жылы өзі еңбек еткен Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлік ауылында қола бюсті орнатылған.
  • Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының орталығы Мойынқұмда Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражай бар.

Тағы қараңыз

 | ]
  • Социалистік еңбек ерлері

Дереккөздер

 | ]
  1. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жазылбек Қуанышбаев туралы ақпарат, Жазылбек Қуанышбаев дегеніміз не? Жазылбек Қуанышбаев нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *