Жасуша қабырғасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image
Жасушаны қаптайтын жасыл түспен көрсетілген қабат

Жасуша қабырғасы — жасуша мембранасының сыртындағы қатты қабықша.

Ол прокариоттардың көбісінде бар және эукариоттардың ішінде саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде жиі кездеседі. Ал жануарларда және қарапайымдардардың көбісінде ондай органелла жоқ.

Жасуша қабырғасының пішіні ағзаға байланысты болады және ол ағзаның жалпы пішінін біркелкі қалыпта ұстауға жағдай жасайды. Сондай-ақ қабырға жасушаны қаупті болуы мүмкін ірі молекулалардың кірігуінен сақтайды және басқа да қорғау қызметтерін атқарады.

Жер бетіндегі өсімдіктерде жасуша қабырғасы целлюлоза мен пектиндік заттардан тұрады. Балдырларда ол гликопротеиндер және каррагинан, агар сияқты полисахаридтерден тұрады. Бактерияларда ол пептидогликаннан құралған. Саңырауқұлақтарда хитин, хитозан, глюкандардан құралған.

Бактерияларда

 | ]
image
Жасуша қабырғасы — күлгін түспен, капсула — қоңырмен

Грам әдісіне сәйкес жалпы бактериялар және олардың жасуша қабырғалары екі түрге бөлінеді.

Грам оң бактерияларда қабықша тек пептидогликан (муреин) қабатынан тұрады. Ол мембранамен тығыз беттескен.

Грам теріс бактерияларда пептидогликан қабаты жұқалау болады және оның мембранамен аралығында периплазмалық кеңістігі бар. Бұған қоса сыртында капсуласы болады. Ол липидтерден құралған мембрана болып келеді. Бұндай қасиеті арқылы, грам теріс бактериялар лизоцимге қарсы тұра алады, ал грам оң бактериялар лизис үрдесіне қашайып кетеді.

Балдырларда

 | ]

Балдырларда жасуша қабырғасы полисахаридтерден (целлюлоза, каррагинан, альгин қышқылдары) немесе гликопротеиндерден, немесе екеуінің қоспасынан тұрады.

Бәрінен бөлек, диатомды балдырлардағы жасуша қабырғасы кремний оксидінен құралады.

Дереккөздер

 | ]
  1. Грам оң және грам теріс бактериялар құрылысының ерекшеліктері
  2. Biomineralization: Peptide-Mediated Synthesis of Materials // Nanomaterials: Inorganic and Bioinorganic Perspectives — Wiley, 2013. — ISBN 978-1-118-62522-4.

Тағы қараңыз

 | ]
  • Жасушааралық зат

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жасуша қабырғасы туралы ақпарат, Жасуша қабырғасы дегеніміз не? Жасуша қабырғасы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *