Жапон теңізі
Жапон теңізі (жапон. 日本海 нихонкай, кор. 동해 тонхэ, «шығыс теңізі») — Тынық мұхиттың шеткі теңізі. Еуразия құрлығы мен Сахалия, Хоккайдо және Хонсю аралдары аралығында орналасқан. Оны солтүстігінде Невельской және Лаперуз бұғаздары Охота теңізімен, шығысында Сангар бұғазы Тынық мұхитпен, оңтүстігінде Корей бұғазы Шығыс Қытай теңізімен жалғастырып тұр.
Жапон теңізі | |
![]() | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 1 062 000 км² |
Көлемі | 1 630 000 км³ |
Тереңдігі | 3742 м |
Орташа тереңдігі | 1753 м |
Орналасуы | |
39°34′55″ с. е. 134°34′11″ ш. б. / 39.5819° с. е. 134.5697° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 39°34′55″ с. е. 134°34′11″ ш. б. / 39.5819° с. е. 134.5697° ш. б. (G) (O) (Я) | |
![]() |
Сандық мәлемет
Ауданы 978 мың квадрат км, орташа тереңдігі 1750 м; суының көлемі 1713 мың куб км. Жағасының ұзындығы 8 мың км, көбінесе биік, тік жарлы келеді, онша тілімделмеген. Ірі шығанақтары: Ұлы Петр және Шығыс Корей. Жапон теңізіне Суйфун, Самарга, Искари, Пуктэчхон, Намдэчхон өзендері құяды. Орталық бөлігінде Ямато қыраты быр, бұл тұстағы ең саяз жері 285 метр.
Климаты
Климаты — қоңыржай муссондық. Мамырдан қазанға дейін, әсіресе оңтүстік–шығыс бөлігімен тайфун жиі өтеді (айына 1 – 2 тайфун); солтүстік батыс бөлігінде тайфун сирек (4 жылда бір рет) байқалады. Беткі ағысы сағат тілінің айналуына қарсы бағытта. Теңіздің шығыс бөлігімен Цусима жылы ағысы, батыс жағалау маңында суық ағысы өтеді.
Теңізде балдырдың 250–ден астам түрі бар.
Ірі порттары
- Владивосток
- Находка
- Восточный порт
- Советская Гавань
- Ванино
- Александровск-Сахалинский
- Холмск
- Ниигата
- Цуруга
- Майдзуру
- Вонсан
- Хыннам
- Чхонджин
- Пусан
Галерея
![]() | ![]() | |||
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Sea of Japan |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жапон теңізі туралы ақпарат, Жапон теңізі дегеніміз не? Жапон теңізі нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!