Жағыпар Сұлтанбекұлы
| Жағыпар Сұлтанбекұлы | |
|---|---|
| Дүниеге келгені: | 1898 Аманқарағай |
| Қайтыс болғаны: | 1937 |
| Ұлты: | қазақ |
| Мансабы: | Қоғам қайраткері |
Жағыпар Сұлтанбекұлы- Көрнекті қоғам және мемлекет кайраткері Жағыпар Сұлтанбекұлы 1898 жылы Қостанай уезі Аманқарағай болысында туған. Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қырғыз мектебін бітірген. Осында мұғалімдер курсында оқыған.
- 1915 жылдан бастап жергілікті жерлерде сабақ берген. Жасынан халықты ағарту, ояту істеріне тілеулес болған. «Қазақ» газеті мен Алаш қозғалысының мақсатын елге таратуға күш салған.
- 1920-1922 жылдары уездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, Аманқарағай болыстык атқару комитетінің төрағасы,
- 1922 жылы Қостанай губерниялық атқару комитетінің хатшысы болып істеді. Осы уақытта республика орталығынан арнайы іссапармен келген қайраткер С.Садуақасүлымен танысып, өңірді дамыту туралы ой-пайымымен бөліседі.
- 1923 жылы губерниялық Жер-су мекемесінің бастығы, губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1925 жылы Ақмола губерниясына (Петропавл) жіберіліп, Жер басқармасының меңгерушісі болған.
- 1926 жылы Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің төрағасы,
- 1926-1927 жылдары Қазақ автономиялық республикасы Егін шаруашылығы халық комиссары,
- 1927- 1929 жылдары Қазақ ауыл-село одағы мен өлкелік мал өсірушілер одағының төрағасы,
- 1930-1931 жылдары Қарқаралы аудандық атқару комитетінің,
- 1931- 1932 жылдары Кеген аудандық атқару комитетінің төрағасы,
- 1932 жылы «Қазқұрылысматериалдары» бірлестігінің басшысы, Жеңіл өнеркәсіп халық комиссариатының алқа мүшесі, Алматы облыстық атқару комитеті жеңіл өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі,
- 1932-1935 жылдары «Қарағанды көмір» тресі директорының орынбасары,
- 1935-1936 жылдары ішкі сауда халық комиссариаты жоспарлау-қаржы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарады.
Қайраткер Қостанайдағы жылдарында «Ауыл» газетінің өрісін кеңейтуге көп атсалысқан. Сондай-ак, республикалық басылымдарда да оның мақалалары жарияланып тұрған. «Қазақстан шаруасының жайы, оның мүқтажы», «К вопросу о казахизаңии аппарата», «Атбасар уезінде» атты еңбектерінде қайраткер ел шаруашылығының мәселелерін және оны шешудің жолдарын жүйелі көрсетеді. Білгір маманның «Егіндік-шабындық жерлерді бөлу туралы» (1927), «Малшаруашылық серіктігін ұйымдастырудың пайдасы» (1930) атты кітапшалары өз тұсында үлкен сұранысқа ие болған. Әсіресе, қайраткердің 1925 жылы жазған «Бұрын һәм қазірде жер саясаты» атты зерттеуі - отандық ғылымның елеулі табысы. Мұнда ол жер саясатындағы отаршылдықтың зардаптарын жүйелі зерделейді. Бұл еңбекті С.Садуақасұлы, М.Дулатұлы жоғары бағалады. 1936 жылы қарашада ұсталып, 1937 жылы ақпанда атылған.
Дереккөздер
| ]- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
| Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Алаш қозғалысы
- Тұлғалар
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Жағыпар Сұлтанбекұлы туралы ақпарат, Жағыпар Сұлтанбекұлы дегеніміз не? Жағыпар Сұлтанбекұлы нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!