Ырғызбай Досқанаұлы
Ырғызбай Досқанаұлы, Ырғызбай әулие (1787, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Қапанбұлақ станциясының маңы, Қарақия тауы – 1850, Тарбағатай ауданы, Күмісті бастауы) — Найман руының Қыржы-Мәмбетқұл бөлімінен шыққан Орта жүзге белгілі халық емшісі, әулие, көріпкел, ел билеушісі.
Өмірбаяны
| ]Ырғызбай жасынан шипалы шөптерді пайдалана отырып, талайдың дертін жазып емдеген. Ол аурулардың тамырын ұстап, алақанына, тырнағына, бет-әлпетіне қарап аурудың түрін ажыратып, шипалы тамыр-шөптерден дәрі-дәрмекті өзі дайындаған. Сондай-ақ қолмен сылап-сипау арқылы да ем-дом жасаған және көріпкелдік қасиеті де үлкен болған. Ол алыстан қиналып келе жатқан науқасты күні бұрын болжаған, сырқаттарды ақысыз-пұлсыз емдеп, ауқаттылардың берген дүниесін, пұлын жетім-жесірлерге, кедей-кепшіктерге үлестірген.
Ел аузында
| ]Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Ырғызбай арнайы шақырумен Шыңғыстауға барып, белгілі би Құнанбай Өскенбайұлын емдеп, асқынған ауру-шешек дертінен жазған. Атақты айтыс дүлдүлі, ақын Түбекті де емдеп, жараларынан жазған деген дерек бар. Ырғызбайдың баласы Кенжалы би, немересі Әбсейіт болыс болған.
Мазары
| ]Ұрпақтарының қатысуымен 1990 жылы Ырғызбай басына күмбезді мазар тұрғызылып, әр түрлі рәсімдерді өткізуге арналған арнайы орын салынды. Ырғызбай әулиенің жатқан жері киелі орын болып есептеліп, қазірде көп адам басына барып тағзым етеді.
Дереккөздер
| ]- Смағұлов Т., Найман Мәмбетқұл және Ырғызбай әулие әулеттері, Сем., 2005.
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
- 1787 жылы туғандар
- Шығыс Қазақстан облысында туғандар
- 1850 жылы қайтыс болғандар
- Халық емшілері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ырғызбай Досқанаұлы туралы ақпарат, Ырғызбай Досқанаұлы дегеніміз не? Ырғызбай Досқанаұлы нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!