Иондық байланыс
Иондық байланыс. Иондық байланыстың бірінші теориясын 1916 ж. неміс ғалымы Коссель ұсынды. Коссель теориясы бойынша иондық байланыс қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысуынан болады.
Коссель теориясының қағидалары:
| ]- 1. Сыртқы қабатында 2 немесе 8 электроны бар инертті газдар химиялық жағынан өте инертті, демек, олардың сыртқы электрондық қабаты өте тұрақты.
- 2. Атомдар молекулаға біріккенде электрон беріп жіберу, не болмаса қосып алу арқылы сыртқы қабатын инертті газдардікіне ұқсатқысы келеді.
- 3. Әрекеттесуші атомдардың электрон беріп жібергені оң ион – катион, ал электрон қосып алғаны теріс ион – анионға айналады. Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып байланыс түзеді.
Атомның ионға айналу мүмкіншілігі оның иондану энергиясы мен электрон тартқыштығының шамаларына тәуелді. Катиондарды иондану энергиясының шамасы аз болып келетін І және ІІ топтарда орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдар оңай түзеді. Ал аниондарды электрон тартқыштығы жоғары галогендер оңай түзеді. Демек, галогендер сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде ионды қосылыстар береді. Жалпы ионды қосылыстардың саны онша көп емес. Жоғарыда аталып кеткен сілтілік және сілтілік-жер металдардың галогенидтерінен басқа ионды қосылыстарға олардың оксидтері, сульфидтері және оттекті қышқылдармен беретін тұздары жатады.
Дереккөздер
| ]- IТлепиева Г.Ш. Т48 Бейорганикалық химия курсы: Оқу құралы - Ақтау, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2010 ISBN 978-601-7276-25-6
| ||||||||||||||||||
- Химиялық байланыс
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Иондық байланыс туралы ақпарат, Иондық байланыс дегеніміз не? Иондық байланыс нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!