Ифтитах тәкбірі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Намазда тік тұру (қиям) – парыз. Алла тағала Құран кәрімде: «Аллаға бой ұсынған күйде тұрыңдар», – деген. Ықылас білдіріп, ниет еткеннен кейін тік тұрып «Аллаһу әкбәр» деп тәкбір алады. Бұны «Ифтитах тәкбірі» дейміз.

Ифтитах – бастау, жабық нәрсені ашу, ену деген мағынаға саяды. Ифтитах тәкбірі – намазға бастарда алынатын тәкбір, яғни ниет ете салысымен тіке тұрып, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, құлақ қағу. Әрі бұны «тахрима тәкбірі» деп те атайды. Тахрима тәкбірі – харам етуші, тыйым салушы тәкбір дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз — намаздан тыс уақыттағы рұқсат етілген іс-әрекеттеріміз «Аллаһу әкбар» деп намазды бастай салысымен тыйым салынады деген сөз. Бұлай намазды бастау – парыз, онсыз намаз болмайды.

Хазірет Әлидің риуаят етуі бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.у.):

image عن علي رضي الله عنه قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: مِفْتَاحُ الصَّلاةِ الطُّهُورُ ، وَتَحْرِيمُهَا التَّكْبِيرُ ، وَتَحْلِيلُهَا التَّسْلِيمُ " رواه ابو داود image

«Намаздың кілті — дәрет; Тахримі (намазға бастағанда, одан тыс әрекеттерден тыйылу) — «Аллаһу әкбар» деумен басталады; Намаз (екі жаққа) сәлем берумен бітеді», — деген. (Сахих)

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ифтитах тәкбірі туралы ақпарат, Ифтитах тәкбірі дегеніміз не? Ифтитах тәкбірі нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *