Ибадулла Ақбергенов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ибадулла Ақбергенов (1907, Созақ ауданында туған – 1938/39 жылы қайтыс болды ) – Қазақстаннан шыққан тұңғыш физика-математика ғылым кандидаты (1935), доцент (1936). 1931 ж. Ташкент Орта Азия университетінің физика-математика факультетін бітірген. 1932 ж. сол университеттің аспирантурасына түсіп, 1934 ж. Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасына ауыстырылады. 1934 ж. профессор Л.В. Канторовичтің (1964 жылдан КСРО ғылым академиясының академигі) жетекшілігімен «Интегралдық теңдеулерді жуықтап шешу тәсілдері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.

1935 – 36 ж. Ташкент Орта Азия университетінде қызмет істейді. 1936 ж. ҚазМУ-дың математика анализ кафедрасының меңгерушілігіне шақырылды. ҚазМУ-де қызмет атқарған. 1936 – 38 ж. Ибадулла Ақбергенов студенттерге математика пәнінің сол уақыттағы деңгейге сәйкес берілуіне өте көп еңбек сіңірді. ҚазМУ-ге Мәскеуден И.П. Натансон, В.Л. Гончаров, Н.Н. Назаров сияқты белгілі профессорларды шақыртты, оқытушылар мен студенттерге дәріс тыңдатуды ұйымдастырды. Оның теориялық жағынан өте жоғары «Фредгольмның екінші текті интегралдық теңдеуінің жуық шешуі және оның меншікті мәнін анықтау» деп аталатын ғылыми еңбегі сол жылдары жарияланды . Мұнда қолданылған тәсіл кейін көптеген математиктердің еңбектерінде одан әрі дамытылды.

Кеңестік билік кезеңінде ұйымдастырылған саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.

Сілтемелер

 | ]
  1. И. А. Акбергенов, “О приближенном решении интегрального уравнения Фредгольма и об определении его собственных значений”, Матем. сб., 42:6 (1935), 679-698. http://www.mathnet.ru/php/person.phtml?option_lang=rus&personid=39528
  2. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы



wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Ибадулла Ақбергенов туралы ақпарат, Ибадулла Ақбергенов дегеніміз не? Ибадулла Ақбергенов нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *