Вегетативтік көбею

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image

Вегетативтік көбею (лат. vegeto – тірілту, қоздыру, өсіру) – өсімдіктердің вегетативтік мүшелері арқылы көбеюі.

Вегетативтік көбею - көп жасушалы ағзалардың жыныссыз көбеюдің бір түрі: жаңа дарақтың ата-анасының бір бөлігінен пайда болу.

Вегетативтік көбею төм. сатыдағы өсімдіктерге және барлық өсімдіктерге тән. Вегетативтік көбею жануарларда бүршіктену (губкалар, ішек қуыстылар, мшанкалар) немесе бөліну (қарапайымдар) арқылы жүреді. Бір клеткалы өсімдіктер (балдырлар, саңырауқұлақтар) бөліну, кейде бүршіктену жолымен, ал төм. сатыдағы көп клеткалы өсімдіктер – денесінің бөлшектенуі арқылы көбейеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер тамыр атпалары (қара өрік, алма, шие, тал, жеке, қандағаш, т.б.), тамыр сабақтары (жыланқияқ, қырыққұлақ, селеу, қамыс, жатаған бидайық, адыраспан, т.б.), жуашықтары (жуа, қызғалдақ, картоп, т.б.), мұртшалары (бүлдірген, жатаған сарғалдақ, т.б.) арқылы көбейеді. Өсімдік ш-нда, негізінен, қалемшелеу әдісі қолданылады. Вегетативтік көбею кезінде жыныстық көбеюге қарағанда ұрпақта сорттың қасиеттері, белгілері жақсы сақталады. Вегетативтік көбею өсімдік өсіруде, бақ және орман ш-нда кеңінен қолданылады.

Дереккөздер

 | ]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ Энциклопедиясы


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Вегетативтік көбею туралы ақпарат, Вегетативтік көбею дегеніміз не? Вегетативтік көбею нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *