Тұз тектоникасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тұз тектоникасы - жер қойнауының терең деңгейіндегі тұзды қабаттардың беткі тау жыныстары аймағына қарай көтерілу процесі.


Осы процесс нәтижесінде тұз күмбездері, тұзды штоктар, тұзды белестер мен тұзды дөңдер қалыптасады.

image

Тұз тектоникасының көрініс беруі тұзды қатқабатты көмкерген тау жыныстары тығыздығының әр түрлі болуынан туындайтын қысым айырмашылықтары, іргетас бетінің кедір-бұдыр болуы, терең жарылымдардың ұшырасуы, т.б. факторлармен сипатталады. Біртіндеп жоғары көтерілген тұз жас тау жыныстарының беткі қабатын теседі. Күмбез ядросы жер бетіне шығып, кейде тау жынысы қабаттарымен жабылады. Осы тау жыныстары әр түрлі бағыттағы жарылымдармен (лықсулар) тілінгенде, қатпарлық төмендеп, грабен тәрізді құрылымдар пайда болады. Тұз күмбездері мен антиклиналдарының төбелерінде және қанаттарында мұнай мен газ кендері орналасады; тұз ядросынан тастұз, калий тұзы өндіріледі.

Тұз тектоникасы Каспий маңы ойысында, Мексика шығанағы ойысында, жағалауларда ерекше күшті дамыған. Осы аймақтардың тұз күмбездерінде үлкенді-кішілі мұнай-газ кендері бар. Тұз тектоникасы платформалардың қалың тұз қабаттарын кіріктірген шөгінді тысының көлденең қимасында жиі көрініс береді.

Дереккөздер

 | ]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том


wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тұз тектоникасы туралы ақпарат, Тұз тектоникасы дегеніміз не? Тұз тектоникасы нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *