Туыстық атаулары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Туыстық атаулар — туыстық қарым-қатынасты білдіретін ұғымдар.

Бір отбасындағы туыстық атаулар

 | ]
  • Ата - баланың әкесінің және анасының әкелері.
  • Әже - баланың әкесінің және анасының шешелері. Одан арғылары үлкен әже деп аталады.
  • Әке - баланың ата-анасының бірі.
  • Ана, шеше - баланы дүниеге әкелген әйел.
  • Аға - бір әкеден немесе бір шешеден туылған, бауырлар арасында жасы үлкен ұл.
  • Іні - Жасы бойынша кіші ұл.
  • Бауыр - бір әке-шешенің балалары.
  • Әпке, апа, әпше - жасы бойынша үлкен қыз бала.
  • Сіңілі - қыз бауырлар арасындағы жасы бойынша кішісі.
  • Қарындас - ұлдан кейінгі туылған қыз бала. Бұл туыстық атауды ер адамдар тек өзінен кіші қыз балаға айтады.

Туыстық қарым-қатынастағы атаулар

 | ]
  • Абысын - ағайынды адамдардың әйелдері.
  • Бажа - бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.
  • Бөле - бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы.
  • Балдыз - әйелінің (жарының) сіңлілері (Оңтүстік Қазақстанда). Басқа өңірлерде інілерін де балдыз деп айтады.
  • Ене - жарының аналары.
  • Құда - баланың жары(әйелі немесе күйеуі) жағынан туыстық қатынасын білдіретін сөз, сондай-ақ олардың аталары, әкелерінің атауы.
  • Құда бала - құдасының баласы (ұлы) т.б. жасы кіші туысы.
  • Құдағи - Күйеу мен қалыңдықтың шешелері немесе әжелері (құдандал адамдардың әйелдері).
  • Құда-жекжат - ілік-шатыс құда адамдар.
  • Құдандалы - қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.
  • Құдаша - ерлі-зайыпты адамдардың жасы кіші әйел туыстары (құдандалы адамдардың қыздары).
  • Жиеншар - жиеннен туған бала.
  • Жиен - күйеуге шыққан қыздан туған бала.
  • Жеңге - атаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.
  • Жезде - апаның, жасы үлкен туыстардың күйеуі.
  • Күйеу - әйелдің ері, жұбайы.
  • Келін - ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.
  • Қайын - жары жағынан туыстық қатынасын білдіретін сөз.
  • Қайын аға - ерлі-зайыптылардың туған және туысқан ағаларының оларға туыстық қатынасы.
  • Қайын ата - күйеу мен келіннің туған әкелерінің оларға туыстық қатынасы.
  • Қайын ене - күйеу мен келіннің туған шешелерінің оларға туыстық қатынасы.
  • Қайын бике - күйеу мен келіннің туған әпкелерінің оларға туыстық қатынасы.
  • Қайын сіңілі - күйеудің қарындастарының әйеліне туыстық қатынасы.
  • Қайын іні - ерлі-зайыптылардың өздерінен кіші ұл бауырлары.
  • Нағашы - ана жағынан туыстық қатынасын білдіретін сөз.

Тағы қараңыз

 | ]
  • Ана
  • Әке
  • Ата

Дереккөздер

 | ]
  1. "Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл": Әдеби-этнографиялық таным. (Құрастырғандар: Б.Әлімқұлов, Е.Әбдіраманов). 238б., 1994. ISBN 5-7090-0195-3

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Туыстық атаулары туралы ақпарат, Туыстық атаулары дегеніміз не? Туыстық атаулары нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *