Түймебай Әшімбаев
Түймебай Әшімбаев (20. 5.1918, Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы — 15.3. 1995, Алматы) — ғалым, экономикалық ғылым докторы (1967), профессор (1970), Қазақстан Ғылым Академиясының академия (1983), Қазақстанның еңбегі сіңірген ғылым қайраткері (1978).
Ысты руынан шыққан.
Ұлы Отан соғысына қатысқан (1941 — 1945). Соғыс аяқталған жылы “ұлтшыл” деген жалған айыппен тұтқынға алынып, алты жыл (1945 — 1951) саяси қуғын-сүргіннің азабын тартқан. Қазақстан Мемлекеттік Университетін бітірген (1957). 1958 жылдан Экономика институтынында ғылым қызметкер, ғылым хатшы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1973 жылдан өмірінің соңына дейін осы институттың директоры болды. Әшімбаевтың ғылым еңбектері Қазақстандағы негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану, өндіріс қарқынын жеделдету және оның экономикалық тиімділігін арттыру, инвестиция мен негізгі қордың ұдайы өндірісі, еңбек өнімділігін арттыру, қор қайтарымы және қор сиымдылығы мәселелеріне арналған. Оның өндірістік мүдде, ынталандыру және экономиканы басқару жөніндегі зерттеулерінде нарықтық экономикаға көшу, республика өндіргіш күштерінің жағдайы, даму барысы проблемаларына баса назар аударылған. Әшімбаев — 350-ден астам ғылым еңбектің авторы, олардың 17-сі монография.
Шығармалыры:
| ]- Совершенствование экономического механизма стимулирования производительности труда, А.-А., 1988;
- Экономический потенциал и эффективность его использования, А.-А., 1990;
- Экономика Казахстана на пути к рынку, А., 1994.
Дереккөздер
| ]- Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Ысты — Алматы: Издательство Өнер, 2003, 2005. — ISBN 9965-595-60-7.
- Қазақ Энциклопедиясы
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Қазақстан экономистері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Түймебай Әшімбаев туралы ақпарат, Түймебай Әшімбаев дегеніміз не? Түймебай Әшімбаев нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!