Тау текелері
Тау текелері (лат. Capra) - қуысмүйізділер тұқымдасына жататын жануарлар. Денесінің ұзындығы – 100-170 см, шоқтығының ұзындығы – 65-115 см, салмағы – 35-150 кг. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Еркегінде ұзын түкті «сақал», құйрығының төменгі жағында иісті бездер болады. 8 түрі бар: сақалды текелердің 2 түрі: сібір текесі, иір мүйізді теке және т.б. Солтүстік Африка мен Еуразияда таралған. ТМД-да 5 түрі Кавказ тауларында, Орта Азия, Оңтүстік Сібірді мекендейді. Таудың қиын қиылыс жерлерде үйір болып топтасып тіршілік етеді. Аулау объектісі. Көптеген түрлері жойылуға тақау. ХТҚО (2 түрі, 1 түршесі) және КСРО-ның (1 түрі, 2 түршесі) Қызыл кітабына енгізілген. Үй ешкілерінің ата тегі.
Тау текелері | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Сібір тау текелері, Capra sibirica | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
![]() Шамамен берілген ареалы |
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — зоология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тау текелері туралы ақпарат, Тау текелері дегеніміз не? Тау текелері нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!