Тақиялы періште
| Тақиялы періште | |
| |
| Режиссёрі | Шәкен Айманов |
|---|---|
| Сценарийдің авторы | Шәкен Айманов |
| Басты рөлдерде | Әмина Өмірзақова |
| Операторы | Марк Беркович |
| Композиторы | Александр Зацепин |
| Кинокомпания | Қазақфильм |
| Ұзақтығы | 97 мин |
| Мемлекет |
|
| Тілі | |
| Шыққан жылы | 1969 |
| IMDb | |
«Тақиялы періште» — кеңес уақытында түсірілген қазақ комедиясы. Режиссёрі — Шәкен Айманов. Тұсаукесері 1969 жылы өтті. Фильм Алматы қаласында түсірілген.
Сюжеті
| ]«Тақиялы періште» деп фильмнің басты кейіпкері — география пәнінің мұғалімі Тайлақты еркелетіп атайды. Тайлақ — алпамса денелі, періште мінезді, кең пейілді жан. Ол өз анасынан артық шеше жер бетінде жоқ деп санайды. Сонымен қатар, Тайлақ тіпті дастарқан басында өзінің сүйікті тақиясын басынан тастамайды. Ұялшақ «періштенің» бойдақ өміріне балта шапқысы келген анасы Тана ұлына қосақ іздеп Алматыға келеді. «Еркекке жалғыз өмір сүруге болмайды, оның қасында анасы, жоқ дегенде әйелі болуы қажет» - деп пайымдайды.
Келін іздеу барысында ол, оған өз көңілін білдіре бастаған Нияздың отбасымен танысады. Осы кездерде Тайлақ көрікті Айшамен танысады. «Періштенің» анасы ұлының таңдауын бірден қабыл алмайды. Айшаның әкесі — кезінде Танамен сөз байласып, кейін сөзінен тайқып шыққан Тайыр екені белгілі болады. Мұндай жәйтті ұмыту қиын. «Періштеге» тұрмысқа шығуды сыра сатушы Алтыншаш та аңсайды. Сатушының артынан түсуден құтылған Тайлақ Айшаға үйленуді ұсынады. Нияз болса, Тананың оған әйел болуын қалайды.
Осы бір көңілді оқиға қос тоймен аяқталады.
Рөлдерде
| ]- Тана — Әмина Өмірзақова
- Тайлақ — Әлімғазы Райымбеков
- Айша Досанова — Шолпан Алтайбаева
- Алтыншаш — Раиса Лунева
- Шыңғыс — Ермек Серкебаев
- Нияз — Әубәкір Ысмайылов
- Аймен — Райхан Шанина
Сыртқы сілтемелер
| ]- Қазақфильм сайтындағы беті(қолжетпейтін сілтеме)
| ||||||
- Алфавит бойынша фильмдер
- Pages with image sizes containing extra px
- 1969 жылғы фильмдер
- Қазақфильм фильмдері
- КСРО кинокомедиялары
- Шәкен Айманов фильмдері
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Тақиялы періште туралы ақпарат, Тақиялы періште дегеніміз не? Тақиялы періште нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!