Сыдық Абыланов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
image
C. Абыланов

Сыдық Абыланов (1845, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес а. — 1938, Шымкент) — мемлекет қайраткері, журналист, драматург.

Өмірбаяны

 | ]
  • Еңбек жолын өз ауылында медресе ашып, бала оқытудан бастаған.
  • 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан.
  • Т. Рысқұлов ұйымдастырған Қырғыз (қазақ) жастарының революциялық одағының белсенді мүшесі болды.
  • Қазан төңкерісін (1917) қолдап, Әулиеата уезінің алғашқы оқу халық комиссары болды.
  • 1923 — 24 жылдары Әулиеатада өзі ашқан алғашқы оқу коммунасын басқарды.
  • 1924 — 38 жылдары Ташкентте, Қарақалпақстанда, Ақтөбе мен Петропавловскіде, Қызылордада басшы партия және оқу-ағарту саласында басшы қызметтер атқарды.
  • 1933 — 38 жылдары республикалық радио комитеті төрағасының орынбасары болды.
  • Абыланов “халық жауы” деген жаламен ұсталып, Шымкентте атылды (1938).
  • КСРО Жоғарғы сотының әскери алқасының 1958 жылғы 29 маусымдағы шешімімен ақталған.

Оқу комиссары ретіндегі қызметі

 | ]

Абыланов жаңа мектептер ашып, жаппай сауат ашуды жолға қойды.

Журналистикада

 | ]

“Еңбекші Қазақ” және басқа да газеттерге оқу-тәрбие, тарихи-этнографиялық мәселелері жөнінде мақалалар жазды.

Драматургияда

 | ]

Қазақ театрының қалыптасуына да көп еңбек сіңірді. Оның:

  • “1916 жыл”
  • “Екіталай” т.б. пьесалары бойынша қойылған спектаклдер (режиссер Ж. Шанин) Қызылордада ашылған қазақ драма театрының репертуарын жаңа жанрлармен байытты.

Дереккөздер

 | ]
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сыдық Абыланов туралы ақпарат, Сыдық Абыланов дегеніміз не? Сыдық Абыланов нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *