Сұқсыр үйрек
Сұқсыр үйрек (ағылш. Podicipedidae) – өзі аттас отрядқа жататын су құстарының бір тұқымдасы. Дене тұрқы 22-60 см. Қанаттары қысқа, су бетімен екпіндеп барып, шапшаң ұшады. Бұлардың үйректерден айырмашылығы – тұмсығы жалпақ емес, түзу және жұмыр; табанындағы жарғақтары созылыңқы, әр саусақты жеке-жеке көмкереді, сондықтан саусақтары бір- біріне қосылмайды: тырнағы жалпақ. Бүкіл тіршілігін суда өткізеді, жақсы жүзеді және сүңгиді, бірақ құрлықта нашар жүреді. Қазақстанда 5 түрі: үлкен С.ү. (P.cristatus), саржағал С.ү. (P.griseigena), қызыл мойын С.ү. (P. auritus), қара мойын С.ү. (P.nigricollis) және кішкене С.ү.(P.ruficollis) бар. Республикада , әсіресе, үлкен С.ү. жиі кездеседі. Оның қанатының ұз. 12 см-дей, салм. 650-1400 г. Жоны қошқыл, денесін қоңырқай не сұр түсті қалың қауырсын жапқан, бауыры-ақ, тұмсығы –қызыл. Жыл құсы. Наурыз-сәуірде ұшып келіп тобымен қоныстанып, өлеңшөпқамыс және қоғадан өрілген, су бетінде қалқып жүретін ұя салады. Онда 3-7 жұмыртқа салып, оларды мекиені мен қоразы 28 күндей кезектесіп басады. Балапаны жұмыртқадан шығысымен жүзе де, сүңги де алады, бірақ мекиені мен қоразы оны ұзақ уақыт баулып, ертіп жүреді. Қыркүйек-қарашады жылы жаққа ұшып кетеді. Негізгі қорегі – ұсақ су жәндіктері (омыртқасыздар) және балықтар. Өз қауырсынын жұтып, балапандарын қоректендіреді. Кей жерлерде балық шаруашылығына зиян келтіреді. С.ү-тің еті жеуге жарамсыз, тек бауырындағы тығыз мамығы үшін ауланады.
Дереккөздер
| ]«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Б.Аяған. 8 том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», Алматы, 2006.
- Сұқсыртәрізділер
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сұқсыр үйрек туралы ақпарат, Сұқсыр үйрек дегеніміз не? Сұқсыр үйрек нені білдіреді?



Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!