Сүлеймен Демирел

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сүлеймен Демирел
түр. Süleyman Demirel
image
Лауазымы
image
Ту
9-шы Түркия президенті
image
Ту
17 мамыр 1993 жыл — 16 мамыр 2000 жыл
Ізашары Тұрғыт Озал
Ізбасары Ахмед Недждет Сезер
Ізбасары Тансу Чиллер
image
Ту
24-ші Түркия премьер-министрі
12 қараша 1979 жыл — 12 қыркүйек 1980 жыл
Президент Фахри Корутюрк
Ізашары Бюлент Эджевит
Ізбасары Бюлент Улусу
image
Ту
22-ші Түркия премьер-министрі
11 шілде 1977 жыл — 5 қаңтар 1978 жыл
Президент Фахри Корутюрк
Ізашары Бюлент Эджевит
Ізбасары Бюлент Эджевит
image
Ту
20-шы Түркия премьер-министрі
31 мамыр 1975 жыл — 21 маусым 1977 жыл
Президент Фахри Корутюрк
Ізашары Сади Ырмак
Ізбасары Бюлент Эджевит
image
Ту
14-ші Түркия премьер-министрі
27 қазан 1965 жыл — 26 наурыз 1971 жыл
Президент Джемаль Гюрсель
Джевдет Сунай
Ізашары Суат Хайри Ургюплю
Ізбасары Нихат Эрим
Өмірбаяны
Партиясы Әділет Партиясы (1962—1981)
"Қасқа Жол" Партиясы (1987-1993)
Діні ислам
Дүниеге келуі 1 мамыр 1924 (1924-05-01)
Ислам кенті, Ыспарта провинциясы, Түркия
Қайтыс болуы 17 маусым 2015 (2015-06-17) (91 жас)
Анкара, Түркия
Жұбайы Назмие Демирел
Балалары жоқ
Қолтаңбасы image
Сүлеймен Демирел Ортаққорда

Сүлеймен Демирел (1.11.1924 жыл, Түркия, Ыспарта провинциясы, Исламкой кенті - 17.06.2015, Анкара) – Түркияның мемлекет қайраткері, елдің тоғызыншы президенті.

Ыстамбұл техникалық университетін бітірген (1949). Саяси жұмысын 1961 жылы “Әділет” партиясына мүше болудан бастады. 1964 жылы өткен 2-құрылтайда осы партияның бас төрағалығына сайланып, үкіметте вице-премьер қызметін атқарды. 1965 жылы 10 қазанда өткен сайлауда “Әділет” партиясы көпшілік дауысқа ие болды. Сүлеймен Демирел партия жетекшісі ретінде Түркия үкіметін 4 жыл басқарды. Осы мерзім аралығында ел экономикасы дамып, әлеуметтік салада оңды өзгерістер болды. 1969 жылы 10 қазандағы кезекті сайлауда “Әділет” партиясы тағы да жеңіске жетіп, ол екінші рет премьер-министр болып сайланды. 1971 – 1980 жылдары аралығында бұл партия 3 қайтара жеңіске жетіп, үкімет құрды. Елді экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын қарастырып, жаңа өзгерістер енгізді. Сүлеймен Демирелдің басқаруымен 1980 жылы “24 қаңтар экономикалық қаулысы” атты жаңа экономикалық саясат өмірге келді. Осы жылы қыркүйекте болған әскери төңкерістен кейін Сүлеймен Демирел көп жылға саяси қызметтен шеттетілді. 1986 жылы өзіне салынған тыйымдарды алып тастау мақсатында ұлттық науқан ұйымдастырып, бүкілхалықтық дауыс берумен 1987 жылы 6 қыркүйекте толық ақталды. 1987 жылы 24 қыркүйекте “Тура жол” партиясының бас төрағалығына сайланды. 1991 жылы 28 қазандағы жалпы сайлауда оның партиясы жеңіске жетіп, Сүлеймен Демирел жетінші рет премьер-министр болды. 1993 жылы 16 мамырда Түркия Конституциясына сәйкес ел Президенті болып сайланды. 2000 жылы өкілеттік мерзімінің бітуіне байланысты демалысқа кетті. Сүлеймен Демирел үкіметті басқарған жылдары Түркияның дамыған елдер қатарына қосылуына зор еңбек сіңірді. Түркия Еуропалық кеден одағына енді, “Қара теңіз достық аймағы” құрылды. Ол 1975 жылы алғаш рет Еуропа қауіпсіздігі хартиясына қол қоюға қатысты.

20 ғасырдың соңындағы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының соңғы бас қосуы Сүлеймен Демирелдің бастамасымен Ыстамбұлда өтіп, әлемдік тарихқа “Ыстамбұл саммиті” деп енді. Сүлеймен Демирел туыстас түркі халықтарының ынтымағы мен іс-қимыл бірлігін жетілдіріп, экономикалық, мәдени байланыстарын нығайтуға зор үлес қосты. 1992 жылы 29 сәуір – 1 мамыр аралығында ресми сапармен Қазақстанда болып, Қ.А. Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетіне халықаралық қазақ-түрік универсететі мәртебесін беру туралы бірлескен мазмұндамаға қол қойды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге университет қалашығының алғашқы іргетасын қалауға қатысты. 2000 жылы Сүлеймен Демирел қамқорлығымен Алматыда қазақ-түрік университеті ашылып, оған Сүлеймен Демирел есімі берілді.

Дереккөздер

 | ]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы"

wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сүлеймен Демирел туралы ақпарат, Сүлеймен Демирел дегеніміз не? Сүлеймен Демирел нені білдіреді?

0 жауаптар

Жауап қалдыру

Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?
Қатысуға еркін болыңыз!

Жауап жазу

Міндетті өрістер жұлдызшамен белгіленген *