Сүгір Әліұлы
Сүгір Әліұлы (1882, казіргі Түркістан облысы Созақ ауданы – 1961, сонда) — күйші-композитор. Ықыластың шәкірті.



Жастайынан ел арасында "домбырашы Сүгір" атанды. Сүгірдің "Телқоңыр", "Майдақоңыр", "Шалқыма", "Ыңғай төк", "Қосбасар", "Бес жорға", "Боз інген", "Ілме", "Ақжелең", "Амангелдіге арнау", "Аққу", т.б. күйлері бар. Сүгір домбырада оң бұраумен қатар теріс бұрауды да пайдаланған, әрі төкпе күй мен шертпе күйлердің үздік шебері болған. Сүгірдің шерту әдістері мен күй сарынында Сарыарқаның шертпе күйлеріне үқсамайтын айрықша интонация бар. Ол домбыра үнін қобыз үніне жақындатып, Ықыластың көптеген күйлерін домбыраға түсірген. Сондықтан күйлерінде қобыз үні басым.
Сүгір күйлері 1964 жылы тұңғыш рет халық аспаптар оркестрінде орындалып, 1968–1969 жылдары нотаға түсірілді. Оның күйлерін насихаттаушылар: Ж. Қаламбаев, Т. Момбеков, У. Бекенов, Г. Асқаров, т.б. Сүгірдің өнері туралы жазушы Т. Әлімқұлов әңгімелер, ақын Б. Батырбекова поэма ("Күйші Сүгір") жазды.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Сілтемелер
- Сүгір сарыны
- Сүгірдің көзін көргендер санаулы
- Сүгір және Мафруза
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сүгір Әліұлы туралы ақпарат, Сүгір Әліұлы дегеніміз не? Сүгір Әліұлы нені білдіреді?
Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!