Сөз варианттары
Сөз варианттары орыс. варианты слов — дылуы, мағынасы бір-біріне жақын, тілде жарыса қолданылатын, шыққан тегі бір сөздер. Сөз варианттары фонетикалық, лексика-морфологиялық, лексика-семантикалық, әдеби-диалектілік сипатта кездеседі.
Мысалы:
- Фонетикалық варианттар: дөңгелек — доңғалақ, шүйінші — сүйінші, шайқымазақ — сайқымазақ, парапар — барабар. суару — суғару, дәнеме — дәнеңе.
- Лексика-морфологиялық варианттар: екіншілей — екіншідей, естіген — есіткен, қабырға — қабыртқа, бақай — башпай, жирену — жиіркену, міне — мінеки — мінекей
- Лексика-семантикалық варианттар: азар—әзер, күнә—кінә, ащы — ашты, ыстық — ыссы.
- Кірме сөздердің кейбірі бірнеше вариантта қолданылады: ар., парсы сөздерінен: риза—разы—ырза, царжы — қаражат, мағлұмат — мәлімет, халық, — халайық,
- Орыс сөздерінен: самауыр — самаурын, өшірет — шірет, мәтке-мәтша;
- Әдеби-диалектілік варианттар: нағашы — таға, құдаги — құдағай, себеп — сәбеп, кесе — кәсе, балуан — палуан, маңдай— маңлай, тундік — туңлік, асылы — әсілі, егер — әгәр — әгәрки, әгәрәкім т.б. Бұл сияқты варианттардың кейбірінін әдеби нұсқалары әлі анықтауды қажет етеді. Сөз варианттарын синонимдермен шатастырмау керек, олардың синонимдерден айырмасы — шыққан тегінің бір екендігінде.
Дереккөздер
| ]- Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Лингвистика
- Қазақ тілі
- Орфография
- Лексика
- Грамматика
- Ақпараттану
- Компьютерлік техника
wikipedia, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, мобильді, телефон, android, ios, apple, мобильді телефон, ПК, веб, компьютер, Сөз варианттары туралы ақпарат, Сөз варианттары дегеніміз не? Сөз варианттары нені білдіреді?


Жауап қалдыру
Пікірталасқа қосылғыңыз келе ме?Қатысуға еркін болыңыз!